Сайтқа кіру Тіркелу

Желден жүйрік жануар

Сабақтың тақырыбы:
Желден жүйрік жануар.
Мақсаты:
Білімділік - Оқушыларға жылқы жануарының ерекшелігі және шығу тегі, жіктелуі пайдасы туралы түсіндіру.
Дамытушылық - Төрт түлік мал туралы білімдерін ой өрісін дамыту.
Тәрбиелік - Оқушыларды жылқы жануарын қастерлеуге, жылқыны күту, баптау, міну сияқты ұмытылған дәстүрлерді үйренуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Таблицалар, «Жылқының жасы», «Ер – тұрман әбзелдері», Ер – тоқым (жүген, ер, тоқым, шідер, шылбыр, тартпа, үзеңгі), Цитаталар, Буклет «Ұлттық ойын түрлері», Жылқы туралы газет материалдары
Барысы:
1. Кіріспе.
2. Жылқының шығу тегі.
3. Жіктелуі.
4. Ерекшелігі.
5. Ер – тұрманы
6. Желден жүйрік жануар. (ән - жыр)
7. Қорытындылау
1. оқушы.
Баяғыда 4 жігіт мал бағыпты 4 түлік:
Ойсыл қара түйені
Алыбым деп сүйеді
Мақтайды кеп шұбатын
Шипа болып жұғатын
Кірешінің бағы бар
Көлігі ғой жануар.
Қамбар ата қанатты
Жылқы бағып қарапты
Сары қымызы сары бал
Шөлдемейсің қанып ал
Туған елді сен депті
Күзетуге мін депті.
Зеңгі баба сиыр деп
Қояды екен күлімдеп
Құрт ірімшік, майлары
Бәрінен де пайдалы:
Сүт ішсін деп халықты
Сиыр жайып бағыпты.
Шопан ата майда мал
Жүрген жерде пайда бар
Жүні шекпен болады
Төлі көптен болады
Қалмайды деп көңілің
Қой бағыпты өмірі
Осылайша 4 жігіт
Ойсыл қара, Қамбар ата
Зеңгі баба, Шопан ата
Мал бағыпты 4 түлік
Түйе, жылқы, сиыр, қой.
- Сонымен балалар, 4 түлік малға не жатады екен:
- Халық ұғымында әр малдың пірі. Иесі бар деп түсіндіреліді. Мысалы, жаңа айтылып кеткендей түйеде – Ойсылқара, жылықының пірі Қамбар ата, сиырда - Зеңгі баба, қойда - Шопан ата.
- 4 түлік малдың төлдерін қалай айтамыз?
- 4 түлік малды қалай шақырамыз?
2 оқушы. (Жүмбақты оқушылар шешеді)
- Балалар – ау, балалар
Мен бір жұмбақ айтайын кім жауабын таба алар, зерегіңді байқайын.
Ертеменен айқайлап,
Қайда екен деп ақылдым
«Ауқау – ауқау, ауқаулап»
Қай төлді мен шақырдым.

Шұнтықдаған неме деп
Қойса жақсы келе деп,
«Шөре – шөре. Шөрелеп»
Қай төлді мен шақырдым.

Жүрмесін деп қалып қап,
Қайта – қайта дауыстап,
«Қауыс, қауыс, қауыстап»
Қай төлді мен шақырдым?

Құйрық жалы суылдап,
Тез жетсін деп зуылдап
«Құру, құру құрулап»
Қай төлді мен шақырдым?
- Атам қазақ «мал – жан аман ба?» - деп алдымен 4 түлік малының жай – күйін түгендеген. «Құдайға шүкір, жақсы» деген жауап алса иесінің де жағдайының жаман еместігі деп қабылдайтын болған. Қазақ халқы мал өнімдерін тіршілік құралы етіп пайдалануды шебер игерген. Малдың еті, сүті, терісі, тіпті мүйізі, сүйегіне дейін өз қажетіне ұқсатып отырған. Халқымыздың ерекше қастерлеген және жанына жақын тұтқан қасиетті түлігінің бірі жылқы. Халық ұғымында қазақ, дала, жылқы деген сөздер бір – біріне етене жақын. Жалпы көшпелі тұрмыс кешкен халықтардың көне заманнан бері ең көп өсірген малы және 4 түліктің ішіндегі қастерлеп пір тұтатыны да жылқы.
3 оқушы.
Жылқы ең адымен өте ерте кездерде басталған жаугершілік талабына сай құнды көлік малы ретінде қолға үйретілген. Өйткені сол замандарда жауды қуып жетуге немесе одан қашып құтылуға жылқыдан қолайлы мал болмаған. Адам баласы жылқыны біздің жыл санауымызға дейінгі 3 - 4 мың жыл бұрын қолға үйреткен.
Жылқы екі тектен тарайды. 1) Тарпаң. 2) Керқұлан.
Керқұланды Пржевальский жылқысы деп те атайды. Ол осы жылқыны алғаш кездестіріп, әрі сипаттап жазған әйгілі саяхатшының есімі.
4 оқушы.
Қазақстанның арнайы жылқы өсіретін зауыттары мен шаруашылықтарында жылқының 17 тұқымы өсіріледі.
1. Қазақы жылқы. 2. Мұғаджар жылқысы. 3. Адай жылқысы 4. Көшім жылқысы
5 оқушы.
Жылқыны қадір – қасиетіне қарай «арғымақ», «жабы» деп бөледі. Арғымақтарды халық өте жоғары бағаланған. Олар негізінен адамға адал дос бола алатын әрі жүйрік, әрі алғыр жылқы тұқымдары болған. Сондықтан да арғымақтан шыққан ерекше тұлғаларын ерте кездерде «тұлпар», «сәйгүлік», «пырақ», дүлділ деп атаған. Көркем шығармаларда да батырлардың сенімді серіктері аттары болған.
Алпамыстың аты Бейшұбар, Қобыландының аты Тайбурыл,
Ер тарғынның аты Тарлан.
6 оқушы.
Жылқы малы мүшелдік он екі жылдың құрамына қасиетті жетінші болып енген. Алдағы 2014 жыл жылқы жылы.
7 оқушы.
Жылқының жүрісіне қарай жіктеп, мынадай түрге бөледі: Аяң, жорға, бүлкек, шабыс. Жылқы малының ең бояу қозғалысы аяң. Оны бүлкек, шоқырақ деп бөледі. Ең жылдам қозғалысы шабыс.
8 оқушы.
Жылқының жасына қарай атаулары да бар. Жылқының жаңа туған төнін құлын дейді. 6 айдан 1 жасқа дейінгісі жабағы, 1 жастан асқаннын тай, 2 жастан асқанын құнан, 3 жастан асқанын дөнен, 5 жасарын бесті ары қарай жасын қосып айта береді.
9 оқушы.
Жылқы малында аналық мейрім де керемет. Соңынан құлыны, тайы ерген билер қар тепкенде әуелі өзі оттамасада, құлындарына шөп алып береді, Олар біраз қаужалап алғаннан кейін ғана өзі оттайды. Жылқы малының тағы бір ерекшелігі өз үйіріне түспейді.
10 оқушы.
Жылқы малының тағы бір ерекшелігі жылқының терісінің иесіне жылан жоламайды. Далаға қонғанда адам жылан келмесін десе, аттың ер - тұрманын айнала жайып тастайды. Ал жылан шаққан адамға аттың терін ішкізсе мыңда бір ем болады.
11оқушы.
Жылқы малы 33 жасқа дейін жасайды. Орта жасы 15 - 16 жыл. Әр мезгілде малдың жүнін алудың да атау түрлері бар. Мысалы, қойды қырқады, түйені жүндейді, ал жылқыны күзейді. Төрт түлік малдың төлдеу мерзімі де әр түрлі. Түйе 12 ай, сиыр 9 ай, ешкі 5 ай, ал жылқы 10 ай.
12 оқушы.
Жылқының етінің өзге малдың етінен қуаттылығына тағы бір мысал: өзге малдың денесіне жаздыгүні жара түссе шыбын қонып құрттайды. Оны емдемесе, құрт ішіне түсіп, өліп қалады. Ал жылқының еті құрттаса таза етіне жеткеннен кейін өліп, түсіп қалады
13 оқушы.
Жылқы жануары лай суды ішпейді, сасыған суға жоламайды. Ол тұнық таза суды жүзіп жүріп ішеді. Шөптің асылын теріп жейді. Сондықтан жылқының еті де, сүті де құнарлы. Жылқының сүті қымыз. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастархан дәмі. Қымыздың құрамында ағзаның қорғаныс қабілетін арттыратын В тобы витаминдері бар. Қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымызды сабаға немесе күбіге құйып ашытады. Күбі ауыз жағы тарлау, түп жағы кеңірек етіп еменнен жасалады. Саба жылқының терісінен жасалады.
14 оқушы.
Қылы да ем. Оны жағып, күлін ауызы уылған баланың аузына, адамның күйген жеріне сепкен. Суық тиіп, ауырған адамдарды жылқының жүрек майын аз – аздан шикіден жегізіп отырған.
15 оқушы.
Жылқының бір жылдық ауа – райын болжайтын қасиеті де бар. Сәуір айында жылқы ықтаса, келер жылы қыс қатты болады. Жылқы басын көп шұғыса, келер қыс жайсыз болады. Ата - бабамыз қымызы бал, еті дертке дауа, мінсе ер қанаты болған Қамбар ата тұқымын осындай көреген жаратылысы, сезімталдығы үшін де ерекше пір тұтқан.
16 оқушы.
Атқұмар шетінен шабандоз бабаларымыз ат үстінде небір ептілік, батылдығын, да көрсете білген. Ұлттық ат ойындарына: теңге алу, аударыспақ, қыз қуу, көкпар, бәйге жатады.
17 оқушы.
Бәйгенің бірден – бір шарты атты баптап қосу. Атты атабегілер баптайды. Қазақта «ат шаппайды, бап шабады» деген сөз бар. Бәйгенің негізгі түрлері: тай, құнан, дөнен, жорға жарыс. Атқұмар бапкерлер шаңтимес жүйріктерін адамша қастерлейді, кірлі қолмен ұстамайды. Атты баптау ұқыптылықты талап етеді. Қазақтың бұрынғы тәжірибесінде жүйріктігіне анық көзі жеткен сәйгүліктің қасына бір құрбандық қосып жіберетін болған. Сәйгүліктің жілік майы ағарып шынылана бастаса ғана сәйгүлікті жаратуға кіріседі екен
18 оқушы.
Көкпар. Көкпарда негізінен ешкі тартылады. Өйткені оның терісі мықты. Көкпарға берілетін ешкіні бауыздап, басын, төрт сирағын кесіп алып тастайды. Сонан соң суға салып салқындатады. Сонда терісі оңай жыртылмайтын болады. Көкпардың шарты бойынша ортаға тасталған ешкіге аттылар бір уақытта ұмтылады. Кімнің, ептілігі артық болса, сол ешкіні көтеріп алып топтан бөлектеніп шығады. Ол енді көкпарды ешкімге берместен, төрешілердің алдына әкеліп тастатуы керек. Мәреге жеткенше көкпар бірнеше қолдан өтеді.
Аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, бәйге туралы да айтылады, суреттері көрсетіледі. Атқа қажетті ер – тұрман, әбзелерімен таныстырылады.
1. Ер – тұрман салт атқа міну үшін қажетті жабдықтар. Ер – тұрман жасайтын адамды ерші дейді. Ердің ағаштан жасалған бөлігі сүйегі деп аталады. Ердің сүйегін бірнеше бөліктен қиғаластырып жасайды. Оны құранды ер деп атайды. Сол сияқты жуан ағашты екіге жарып әр бөлігінен сүйегін тұтас шауып шығуға да болады. Қарапайым шаруа ерлерін, көкпарға сайысқа пайдаланатын ерлерді онша әшкейлемеген. Өйткені безендірілген ер – тұрман салмағы ауырлау болады, алыс жолға жарамайды. Әшекей бұйымдармен әйелдер мінетін ерді безендіреді. (күміс, алтын)
2. Тоқым. Ер ағашының астына төселеді. Тоқымның да түрлері болады. Тебінгі, ішпек, терлік. Тоқымның барлығы да киізден жасалады.
3. Жүген, ноқта, шылбыр, құйысқан, үзеңгі туралы айтылып көрсетілді.
4. Ердің қарапайым түрі ашамай. Ол кішкентай балаларды атқа отырғызып үйрету ұшін қолданылады. Суреті көрсетілді. (Тақтадан таблицадан көрсетіліп, қайталанды.)
- Тағаны есіктің маңдайшасына іліп қояды. Яғни, тағаны тауып алған кісі талайлы болады., бақ қонады деген ырым бар. Тағаны шеге сақтайды. Таға жүйрікті сақтайды. Жүйрік жігітті сақтайды, жігіт елін сақтайды деп ырым етеді қазақ халқы.
- Жылқы малы туралы сөз қозғалғанда елең етпейтін қазақ жоқ. Ақын, жыраулар жылқы малы туралы жүрек тебіреністерін ерекше айшықты өрнектер арқылы жеткізген.
1. (Ақтамберді жырау:)
Арудан асқан жан бар ма?
Жылқыдан асқан мал бар ма?
Биенің сүті сары бал
Қымыздан асқан дәм бар ма?
Желіде құлын жусаса
Кермеде тұлпар бусанса
Сәні келер ұйқының
Жылқы қолдан тайған соң
Қызығы көркі құлпында
Жігіттің көркі жылқыда!
2. Аттың сыны.
3. Жылқышы әні.
4. Боламын мен жылқышы.
5. Оқушылардан жылқы туралы мақал – мәтел, тиым сөздері сұрап қортындылау
«Арық атқа қамшы ауыр»
«Тай атқа, ат мұратқа жеткізер»
«Жақсы ат – жанға серік»
«Ат мінбеген ат мінсе, шаба - шаба өлтірер»
Тон кімеген тон кисе, сілке – сілке тоздырар
«Мал құлыннан, ақша тиыннан өседі»
«Жаманға мал бітсе, жақынын танымас»
«Жүгенсіз атпен шаппа»
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жылқы түсіне байланысты атаулар

Жылқы түсіне байланысты атаулар

Қара жылқы. Сырт түгі түбіне дейін шымқай қара, ұшы жылтыр қылшықты боп келуі. Сары жылқы. Жылқының сыртқы түгі бірыңғай, сары болып келуі. Жирен...
Төрт түлікті түгендесек

Төрт түлікті түгендесек

▪ Қамбар ата – жылқының пірі, иесі әрі киесі. ▪ Құлын, құлыншақ – жылқы төлі. ▪ Жабағы – бір жылға дейінгі төл....
Төрт түлігіміз сай болсын

Төрт түлігіміз сай болсын

Кең пейілді қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық қой. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын,...
Жылқы. Сәбит Мұқанов

Жылқы. Сәбит Мұқанов

Омарова Гүлнар Жакановна КММ Академик О. А. Жаутыков атындағы № 1 қазақ орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары...
Тұрмыс салт жырлары тест

Тұрмыс салт жырлары тест

Қазақ әдебиеті 5 сынып 1 тоқсан. Тұрмыс салт жырлары тест 1. Фольклор дегеніміз - не ? а) халық даналығы б) ауыз әдебиеті в) жазба әдебиеті...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×