Сайтқа кіру Тіркелу

СПИД-ғасыр уы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «СПИД - ғасыр уы»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу, міндеттеріне шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД-тің адам ағзасына зиянды әсерлерін ашып көрсету, солардың салдарынан туатын аурулар туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру, оқушыларға шылым шегудің, ішімдіктің, нашақорлықтың, СПИД-тің адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматты жауапкершіліктерін орнықтыру.
Ұран: Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!
Кіріспе сөз: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді « Қазақстан – 2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтау басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
Адамның ақыл – ойын, денсаулығын сақта басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
Адамның ақыл – ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл – ғалымы Әл – Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», – деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты.
ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза, танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.
Жүргізуші: Соңғы бұқаралық ақпарат құралдарының деректеріне сүйенсек, республика бойынша ерлердің 57 пайызы, жасөспірімдердің 40 пайызы шылым тартса, ересек адамдардың 55 пайызы үнемі арақ ішеді екен.
Жүргізуші: Мектеп оқушыларының 29, 5 пайызы нашақорлыққа ауызданған. Осы әлеуметтік дерт салдарынан қоғамымызда 10 мыңнан астам жетім, әрбір үшінші сәби өлі немесе кемтар болып өмірге келетінін, балалар үйіндегі балалардың 85 пайызы тірі жетімдер екенін көреміз.
Жүргізуші: Олай болса, « салауаты өмір салты» осы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, адамдардың денсаулығын күшейту мен олардың жан – жақты үйлесімді дамуына қалыпты жағдайды туғызуды көздейді.
1 - оқушы: Кенжебаева Дариға:
Темекі – әр түрлі ауруларды туғызатын, адамның еңбекке қабілетін кемітетін, адамзат тұқымын аздыратын, адамды ішетін кеміріп жейтін жегі құрт.
2 – оқушы: Суюн Даулет:
Темекінің адам ДЕНСАУЛЫҒЫ үшін зардабы көп: бронхит, өкпе, рак ауруларына әкеп соқтырады. Тіпті ол адамның ақылдысын да, азғынын да өзіне бағындырып алады. Сондықтан ол қауіпті әдетпен жаппай күресуіміз керек.
3 – оқушы: Сағинай Мәди:
Алкоголь – адамзаттың жауы, оны көп пайдалану өлімге әкеп соқтырады. Ол адам өмірін 10 – 15 жылға қысқартады.
4 - оқушы: Асылбекова Ақтоты:
Алкоголь – «нерв уы» деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс – қуысына өте тез жайылады да, содан соңғы орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады
5 – оқушы: Ногайбаев Диас:
СПИД – ғасыр обасы. СПИД – Жұқтырылған Қорғаныш Тапшылығының Белгісі, яғни ЖҚТБ. Адам денесінде Т – лимфоцит деп аталатын қан клеткаларының саны күрт төмендейді. Қазақстанда 4, 5 мыңнан астам иммунитет тапшылығы синдромы, яғни СПИД – ке шалдыққан.
6 - оқушы: Жаксылыкова Аружан:
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 18 мамыр 1998 жылғы жарлығында осы мәселелерге байланысты салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да үгіт – насихатты күшейту туралы шараларын міндеттеп берді.
7 - оқушы: Тайпетова Аружан:
СПИД вирусының қай жылы кім ашқаны туралы.
СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет жетіспеушілікті туғызатын вирусты (ВИЧ - 1) 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиеттерін жан - жақты тексеріп жариялады.
8 - оқушы: Сағындық Айнұр:
СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?
Адам ағзасына енген ол қанның лимфоцит клеткаларының ішіне кіріп, клетканың генетикалық аппаратына жабысып тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирустар жаңа клеткаларға жабылып, өткен процестерді қайталайды. Лимфоцит клеткаларының осылай өле беруі салдарынан күндердің - күнінде ағзасында иммунитет жетіспеушілік пайда болады. Бұл жасырын кезең ондаған жылға дейін созылуы мүмкін. Айырықша еске салатын жай, осы жасырын кезең кезінде адам өзін аурумын деп есептемейді. Бірақ, ол өзімен қатынастағы адамдарға жұқпалы аурудың көзі ретінде СПИД - ті тарата береді.
9 - оқушы: Елеуова Радина:
СПИД - наркотикті егеушілердің инесі арқылы жұғады. СПИД - тен сақтану үшін не істеу керек? Мысалы: ішімдікке әуестік, токсикомандық, шылым шегу сияқты осындай заттардан аулақ болған жөн. Ол ойды да, бойды да өсірмейді. Қайта денсаулығыңды әлсіретіп, өмір жасыңды қысқартады. Ал, дені саудан, жаны саудан артық ештеңе жоқ. Байлық та, бақыт та сол емес пе?
Жағдаят шешу:
1. Класқа жаңадан оқушы келді. Біраз уақыт өте оның СПИД – пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым – қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?
Оқушылар өз ой - пікірлерімен бөліседі.
Мақал – мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші.
1. Ауырып ем іздегенше, (Ауырмайтын жол ізде )
2. Ішпеген, шылым шекпеген, (Жасайды жылдар көптеген.)
3. Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)
4. Адам арақты ішеді, (Арақ ақылды ішеді. )
5. Жасында темекісін будақтатқан, ( Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан )
6. Арақ - ішіп ішіне көшеді, (Ақыл шөлмек ішіне түседі )
7. Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.)
8. Ішпеген, шылым тартпаған, (Денсаулығын сақтаған )
Ән: « СПИД жойылсын»
1. Жойылсын жалғыз сөз СПИД деген
Жойылсын мәңгілік жойылсын.
Вируспен ауырған адамдарға
Ем – дәрі тезірек табылсын.
Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік
2. Есірткі құрысын
Ішімдік жойылсын
Дені сау қазақтың
Ұл – қызы көбейсін.
Қайырмасы:
3. Мәдениет өркендеп,
Табиғат көркейіп.
Қазақтың сымбатты
Ұрпағы көбейсін
ТЕСТ:
1. СПИД жұқпалы ма?
а) Иә
ә) Жоқ
2. Қай жылы СПИД вирусы ашылды?
а) 1983
ә) 1985
б) 1956
в) 1988
3. Ауру белгілері бірден біліне ме?
а) иә
б) жоқ
4. СПИД қандай жолдармен таратылады?
а) жыныстық жолдар арқылы
ә) қан арқылы
б) тағам арқылы
в) насекомдар арқылы
г) кір қол арқылы.
5. Дүниежүзілік СПИД - пен күрес күні?
а) 1 қазан
ә) 1 желтоқсан
б) 1 қаңтар
«Что такое ВИЧ/СПИД?» видео - ролик Интернет желісінен тікелей көрініс.
« Ғасыр уы» өлеңі:
СПИД деген – ғасыр уы, зобалаңы,
Сан адамға жазылмас жара салды.
Сан адамды өмірден алып кетті,
Мамандар да бір емін таба алмады.
Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!
Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!
Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,
Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!
Сонымен оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Қатысқандарыңызға көп – көп рахмет!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×