Тақырыбы: «Тәуелсіздік – ел бақыты»
Мақсаты: Оқушының білімін жан - жақты ой өрісінің кең болуына, теориялық білімдерінің тереңдете түсуіне жетелеу, өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, видео - роликтер, қанатты сөздер, шарлар,
жалаушалар, видео - камера, эстрада т. б.
Түрі: танымдық ойын
Жүрісі: І - ұйымдастыру кезеңі
ІІ – таныстыру кезеңі
(Сайысқа 2 - топ қатысып, сан алуан сұрақтарға жауап беру арқылы білім сайысына түседі)
ІІІ – Сайыс
Сайыс 6 – айналымнан тұрады.
IV – Қорытынды бөлім
V – Марапаттау
Әнұран орындалады
Жүргізуші: Кең байтақ Қазақстан туған жерім,
Кең пейіл мерейлі мол дархан елім.
Көп ұлтты жинап алып құшағына,
Бір бесіктің әніне салған елім – дегендей бұл ойын ұлан байтақ еліміз Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы болмақ.
Тәуелсіздігіміздің 21 жылдық мерекесі құтты болсын!
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Елжанды ұл мен қыздың думаны «Елім менің» теле жоба желісіндегі «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Ойынға «Айбын» және «Жас қыран» командалары қатысып, олар сан алуан сұрақтарға жауап беру арқылы білім сайысына түседі. Осы Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған бұл шараға мына тұрған арнайы көрме арқылы оқушылар алдын ала таныс болып, білімдерін шыңдап келді. Ойын 6 - айналымнан тұрады. Әр айналым жасырған әнмен аяқталады. Әнді жазбай таныған топқа қосымша 2 ұпай беріледі. Әр айналымның шартын ойын барысында нақтырақ тоқталатын боламын. Ойын соңында барлық ұпай саны есептеліп, жеңімпаз топ сол жерде анықталып, марапатталады, ал ұпайы аз топқа осы сайысқа қатысқаны үшін алғыс хат беріледі. Сонымен қатар 2 топты баптап бәйгеге қосатын 2 - топбасшы бар. Олар оң қанатта Лаура және де сол қанатта Айзада, осы жерде әр топтың өз жанкүйерлері қатынасып отыр, олар сұрақтарға, тапсырмаларға жауап беруге көмектесе алады. Енді думанның әдеттегідей дәстүрімен сіздердің топтарыңызбен таныс болайық.
Айзада сіздің топта кімдер бар және топ қалай аталады?
І - топ басшысы құрамымен таныстырады:
1. Айзада 3. Сайфолла
2. Динара 4. Жеңісбек
Топтың ұраны: «Жас қырандар алға,
Айбын тобынан қалма!»
Сіздердің топтарыңызға сәттілік тілей отырып, кезекті Лаураға береміз. Сіздің топта кімдер бар және топ қалай аталады?
ІІ - топ басшысы құрамымен таныстырады:
1. Лаура 3. Берікқали
2. Дана 4. Гүлназ
Топтың ұраны: «Көк бөрідей жүректі қайраттымыз,
Жігерлі де білімді айбаттымыз»
Жүргізуші: Екі топқа сәттілік тілейміз. Олай болса біз 1 - айналымды бастаймыз. Алғашқы асуда ойыншыларымызды 5 бейне сұрақ күтіп тұр. Әр сауалды шапшаңдықпен тапқан топ жауап беруге болады. Сұрақтар бәрімізге таныс фильмдер, теле хабарлар, оқиғалар, бейнеклиптер немесе тұлғалар туралы болмақ, дұрыс жауап әдеттегідей - 1 ұпай, ереже түсінікті болса, ойыншылар дайын болса экранға назар аударайық.
Кинодан үзінді жүреді.
1. Балалық шағымның аспаны.
Сұрақ: Бұл қай кинодан үзінді? Оқиғаның басты кейіпкері кім? Кино қай жылы түсірілді? Кино немен аяқталады? Баянда
2. Менің атым – Қожа.
Сұрақ: Бұл қай кинодан үзінді? Бұл шығарманың авторы кім? Кино қай
жылы түсірілді?
3. Желтоқсан оқиғасы туралы видео - ролик.
Сұрақ: Бұл қандай оқиға, қашан болды? Басты кейіпкерлері кімдер? Олардың осындай қайғылы оқиғаға баруына не себеп болды?
4. ХХХ Олимпиаданың ашылуы Қазақстанның құрамасы.
Сұрақ: Бұл қандай тарихи оқиға? Қазақстан несімен ерекшеленді?
5. «Алашұлы» тобының орындауындағы «Елім менің» әнінен видео - ролик.
Сұрақ: Бұл бейнеклиптегі әннің авторлары кім және қандай топ орындады?
Жүргізуші: Сіздерде қазір қосымша 2 ұпайды алуға мүмкіндік бар. Ол үшін жасырғалы отырған әнді мұқият тыңдаңыздар. Әндер Тәуелсіз Отанымыз, еліміз, жеріміз туралы болмақ. Әнді жазбай таныған топқа қосымша 2 ұпай беріледі.
«Қазақ елі» әні жасырылады.
Жүргізуші: Олай болса осы әнді Республикалық «Күз береке» ән байқауының жүлдегері, мектебіміздің мақтанышы Баянқұлова Алтынаймен бірге қосылып шырқайық. (ән орындалады)
(1 - айналым ұпай саны)
Жүргізуші: Ал біз 2 - айналымды бастаймыз.
Қиуадан шауып, қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл!
2 - айналым сөз сауаттылықты тексеруге арналған. Дұрыс жауап – 1 ұпай, қателессеңіздер ұпай берілмейді.
«Айбын» тобына: «Жас қыран» тобына:
1. егемендік 1. бейбітшілік
2. парламент 2. конституция
3. халықаралық 3. жасампаздық
4. құқықтық 4. ұлтаралық
5. референдум 5. зайырлы
Жүргізуші: Ал біз ары қарай жалғастырамыз, ендігі белес - тұрақты сөз тіркестері. Қазір сіздерге экран арқылы фразеологиялық тіркестер беріледі. Сол тіркестердің мағынасы мен баламасын сіздер дұрыс тапсаңыздар 1 ұпайға ие боласыздар. Жанкүйерлер - өз топтарыңызға көмектесуге болады.
Сонымен экранға назар аударып тамашалайық. 1 - сөз тіркес:
«Айбын» тобына: ----------------------------------«Жас қыран» тобына:
Кірпік қаққанша - өте тез. ------------------------Салы суға кетті – көңілсіздік.
Екі көзі төрт болу – сарыла күту. ---------------Құр алақан қалу – барынан айрылу.
Ит өлген жер – алыс, қашық жер. -------------Ізі суып кетті – көптен хабарсыз кетті
Қолын жылы суға малды – -----------------------Жатқан жыланның құйрығын басу –жағдайы жасалды ашуландыру
Жүргізуші: Енді 2 - топта да қосымша мүмкіндік бар, ол үшін ән жасырылады.
«Жаса қазағым» әні жасырылады.
Жүргізуші: Олай болса осы әнді мектебіміздің әншісі, 9ә сынып оқушысы Қабыл Қайырбекпен бірге қосылып шырқайық. (ән орындалады)
(2 - айналым ұпай саны)
Жүргізуші: 3 - айналымда 2 топ бір – біріне сонау қазақтың көнерген сөздерін жасырады және сөз мағынасының үш нұсқасын берулері тиіс, сол үш нұсқаның қайсысы дұрыс екендігін шешесіздер.
«Айбын» тобына: «Жас қыран» тобына:
Желек Бесқонақ
көк шөпті дала орамал, әйелдің бас киімі әйелдің сыртқы киімі дос - құрдасқа қыдырып барған - да айтатын сөз қонаққа жасалатын сый - сияпат жауын - шашын мезгілі
Әбдіре Торқа
үйде тұтынатын төсеніш әбіржу, сасып қалу киіз үй жиһазы, сандық тілек ету ең қымбат жібек мата құнды, бағалы жануар терісі
Осының ішінде қайсысы дұрыс?
Жүргізуші: Сіздер әлі 2 қосымша ұпай алуға мүмкіндіктеріңіз бар, ол үшін ән жасырылады, тыңдайық.
«Қазақ елі осындай» әні жасырылады.
Жүргізуші: Олай болса осы әнді Республикалық «Күз береке» ән байқауының жүлдегері, мектебіміздің мақтанышы Баянқұлова Алтынаймен бірге қосылып шырқайық. (ән орындалады)
(3 - айналым ұпай саны)
Жүргізуші: 4 - айналым тарихта болған бар адамдар немесе әдеби кейіпкерлер туралы. 2 - топбасшы өз тобына сол адамдар туралы мәліметтер беру керек. Түсіндіруге уақыт шектеулі 1, 5 минут қана беріледі. Әр дұрыс жауапқа әдеттегідей 1 ұпай беріледі.
«Айбын» тобына: ------------------------------------ «Жас қыран» тобына:
1. Ыбырай Алтынсарин -------------------------------- 1. Қазыбек би
2. Хиуаз Доспанова ----------------------------------- 2. Серік Сапиев
3. Әйтеке би -------------------------------------------- 3. Есім хан
4. Ақан сері --------------------------------------------- 4. Абай Құнанбаев
5. Илья Ильин ----------------------------------------- 5. Құрманғазы Сағырбайұлы
6. Мәдина Ералиева --------------------------------- 6. Тәуке хан
7. Әмина Өмірзақова ------------------------------- 7. Иманғали Тасмағамбетов
8. Қасым хан ------------------------------------------- 8. Бауыржан Момышұлы
9. Абайдың анасы ------------------------------------ 9. Тоты Әмірова
10. Асылбек Еңсепов -------------------------------- 10. Дінмұхамед Қонаев
Жүргізуші: Ал сіздерге қосымша 2 ұпайды иеленуге мүмкіндік бар, ол үшін ән жасырылады мұқият тыңдайық.
«Ғасырнама» әні жасырылады.
Жүргізуші: Олай болса осы әнді мектебіміздің әншісі, 9ә сынып оқушысы Қабыл Қайырбекпен бірге қосылып шырқайық. (ән орындалады)
(4 - айналым ұпай саны)
Енді бізде 5 - айналым. 5 - ші асуда бізде Тәуелсіз елдің жарық жұлдыздары мен қайраткерлерін және еліміздегі әдемі ғимараттарды тауып, оларға толығырақ мағлұмат беру. Дұрыс жауап әдеттегідей 1 ұпай, ереже сіздерге түсінікті болса экранға назар аударайық.
1. Хан шатыры –
Сұрақ: Бұл қандай ғимарат, қай қалада?
2. Бейбітшілік пен келісім сарайы
Сұрақ: Бұл қандай ғимарат, қай қалада?
3. Нұрғиса Тілендиев
Сұрақ: Бұл кім? Оның кімнің сөзіне жазған әнін білесің?
4. Тоқтар Әубәкіров
Сұрақ: Бұл кім? Оның ізбасары болды ма, болса ол кім?
5. Қорқыт Ата ескерткіші
Сұрақ: Бұл ескерткіш кімнің құрметіне қойылған?
6. Исатай – Махамбет ескерткіші
Сұрақ: Бұл ескерткіш кімдерге арналған, қай қалада?
7. Бекзат Саттарханов
Сұрақ: Бұл кім? Ол тарихта қандай ерекшелігімен танымал?
8. Қайрат Рысқұлбеков
Сұрақ: Бұл кім, ол туралы не білесің?
9. Бекет Ата ескерткіші
Сұрақ: Бұл киелі орын қай жерде?
10. Әзірет Сұлтан мешіті
Сұрақ: Бұл мешіт қай қалада, қашан ашылды, қалай аталады?
11. Ләззат Асанова
Сұрақ: Бұл кім? Сен өзіңе қандай қасиеттерін үлгі тұтасың?
12. Фариза Оңғарсынова
Сұрақ: Бұл кім? Қай жерде дүниеге келген?
13. Сарайшықтағы хандар кесенесі
Сұрақ: Бұл тарихи орын қалай аталады?
14. Алтын адам
Сұрақ: Бұл жәдігер туралы не білеміз?
15. Мұхтар Шаханов
Сұрақ: Бұл кім? Оның патриоттық тақырыпта жазған өлеңін оқып бере аласың ба?
16. Шәмші Қалдыаяқов
Сұрақ: Бұл кім? Қандай өнер иесі? Оның бір әнін орындап бере аласың ба?
Жүргізуші: Сіздер әлі 2 қосымша ұпай алуға мүмкіндіктеріңіз бар, ол үшін ән жасырылады, тыңдайық.
«Қазақтай ел қайда» әні жасырылады.
Жүргізуші: Олай болса осы әнді мектебіміздің әншісі, 9ә сынып оқушысы Қабыл Қайырбекпен бірге қосылып шырқайық. (ән орындалады)
(5 - айналым ұпай саны)
Жүргізуші: Ал енді бізде шешуші кезең 6 - айналымға өтеміз. Құрметті топтар, жанкүйерлер бұл шешуші кезең! Әр ойыншыға екі әріп тиесілі, мен қойған сауалдарға осы әріптердің көмегімен жауап берулеріңіз тиіс. Дайын болсаңыздар уақыт шектеулі 1, 5 минут беріледі. Сонымен уақыт кетті.
«Айбын» тобына:
Ө Н А Р
А М Е Й
1. Өз келбетіңді неден қарайсың? (айна)
2. Жігітке жеті... де аз (өнер)
3. Қойшы көп болса, қой... өледі (арам)
4. «Өр» етістігі болымсыз түрде (өрме)
5. Жас жеткіншек, жас түлек, жас... (өрен)
6. Қызыл дәндері бар жеміс (анар)
7. Өзеннің ағатын жолы (арна)
«Жас қыран» тобына:
Қ А С Р
Ғ Ы Л А
1. Қорғасын құйылған асық (сақа)
2. Асыл тастан,... жастан (ақыл)
3. Қостанай, Астана, Атырау, Алматы бұлар нелер? (қала)
4. Екі өзеннің қосылған тұсы (саға)
5. Көп балалы аналарға алтын... тағады (алқа)
6. Қазақстан тек қана... (алға)
7. Өзендегі қатты... (ағыс)
Жүргізуші: Ұпай саны есептеліп болғанша бейне экранға назар аударып,
«Көк тудың желбірегені» әнін бірге шырқайық (видео - ролик жүреді)
Жүргізуші: Кезекте ойын жеңімпазы анықталды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және де сіздерге сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Бүгінгі «Қазақстан» телеарнасындағы «Елім менің» теле жоба желісіндегі «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты танымдық ойынымыз өз мәресіне жетті.
Азат еліміз, байтақ жеріміз.
Жаны жомарт ұл - қыздарымыз аман болсын! Қош, сау болыңыздар!
Тәуелсіздік – ел бақыты
- Ибрай
- 11 сәуір 2013
- 12985
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тәуелсіздік ел бақыты, сыныптан тыс шара, тәрбие сағаты, егемендік
Ұқсас жаңалықтар:
Елім менің
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыру. Отанын елін туған жерін салт - дәстүрін ұмытпай құрметтеуге ұрпақтан -..."Ән жұмбақ" музыкалық сайысы
Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту, сөздік...«Елім менің» (математикалық интеллектуальдық ойын)
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу гуманитарлық - экономикалық колледжі Математика пәнінің оқытушысы Калдаулетова Айгерим Максатовна...Рәміздер туралы білім сайысы
Мақсаты: • Танымдық ой - өрісін, қызығушылығын дамыту. • Ел тарихын тани білуге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу...Елім менің
Қаратал ауданы, Көкпекті ауылы Жұбан Молдағалиев атындағы МДШО бар орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Дандыбаев Ерлан Жолдыбайұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.