Сайтқа кіру Тіркелу

Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!

Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу.
3. Білім берер ордасы – мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып.
Ашылуы: «Құстар биі»
Кіріспе сөз:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар!
Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ...
Кеше ғана тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен №264 киелі шаңырақта болғалы отырған
«Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,
Саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн – ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларымыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті.
Қошеметпен шақырамыз ортаға,
Қадам басқан шәкірттерін құрметті, - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық,
4 «Б» сыныбын ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш түлектері ортаға келеді.
Ажырамай мектеппен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз білім ордамыздың басшысы Бақытжан Жұмабайұлына беріледі.
Түрік биі: Асылбек Мадина
Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «Б» сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп етек жиған шәкірт.
Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата – аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
Әлібек: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.
Айсенім: Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
Әлібек: Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер,
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.
Айсенім: Армысың сен алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.
Әлібек: Дұрыс айтасың Айсенім! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да енді міне мен де мектептен тәләм алудамын.
Айсенім: Олай болса Әлібек! Алтын ұя мектебімізге арнап Бота Бисенова апамыздың «Мектебім» әнін шырқайық!
Әлібек: Ия мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
Мадина: Мектеп деген білім кені жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Рамазан Мектебім білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата - анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыр,
Әр күні балалықтай біл жүрек бұл,
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Жасұлан: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Елік: Мектебім, алтын ұяң, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Дамир: Мектеп – үйім, ұстазым менің ата - анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
Нұрсұлу: Мектебім – сүйікті мектебім.
Бауырыңда түлеймін көктеймін.
Сен – бұлақ, мен – мен қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
Рамазан: Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін,
Азық етіп ер жетеміз.
Айсенім: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстап, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән - жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Әлібек?
Әлібек: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Айсенім: Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
Мадина: Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Аруна: Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

Абзал: Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартққан қара жол,
Көз жұмсамда көре тұғын белестер.

Динара: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.

Бексұлтан: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім...
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Жанерке: Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңа,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

Мұхамедали: Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай қөңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап,
Шәкірттерін жиі еске алатын.

Нейлә: Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталды жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанған.

Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс отты мына жүректерден.

Хор «Ұстазым»

Әлібек: Иә, осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - балалар сөмкемізді сорға көтеріп, мектеп табалдырығын зорға аттаған едік.

Айсенім: Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Әлібек: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

Мұғалім: Ендеше балалар, бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа?
Қанат: Бастауышта шырқалмаған жыр барма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.
Нұрсұлу: Бастауышым – бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Әділет: Бастауышым – балбұлағым,
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.
Гүлсезім: Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол былғаймын.
Мұғалім: Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің,
Ұша білсек болмас - ау тіпті қиын.
Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,
Бастауыштың билейміз соңғы биін.
Хор: «Бастауыш мектеп»
Айсенім: Мектеп – кеме, білі – теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.
Мұғалім: Дұрыс айтасың Айсенім! Пайғамбарымыз (оған Алла разы болсын) өз үмбетіне білім үйренудің маңыздылығын өте көп аманат еткен. «Қытайға барсаң да, білім үйреніп қайт», - дегені осы жолда алыс - жақынға да, асқан қиыншылыққа да қарамай білімге көңіл бөл деген мағынаны білдіреді емес пе?
Әлібек: Иә, өзіміздің дана ата бабаларымыз «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады»,- деп білім күшінің зор екендігін аз сөзбен аса шешен сипаттаған ғой.
Айсенім: Сонымен, білім сонша бағалы екенін түсіндік. Бірақ бағалы нәрсенің бәрі оңай қолға келмейді. Білім тек оқу арқылы, оқуды көкейге шын тоқу арқылы ғана келеді. Содан да болар, «Оқу инемен құдық қазғандай» деген қанатты сөз қалған.
Мұғалім: Иә, балалар, жас шағыңда алған білім тасқа қашап жазғандай баянды, өмір бойы өзіңе сенімді серік, жаныңнан қалмас жолдасың болады.
Ислам ғұламалары білімнің байлықтан артық екендігін даналық сөздермен қалдырған емес пе?
Әлібек: Ендеше, даналық сөздерге тоқтала кетейік.
Айсенім: Ортада Айтназарова Зарема, Ергеш Ерасыл «Байлық пен білім»
Мұғалім: Міне, адамның асыл мұраты бай болу емес, білімді болу екенін осыдан артық кім айта алады?
Айсенім: Ендеше, жүріңдер өз білімдерін ортаға салып, дауласып жатқан «Пәндер патшалығына» барып келейік.
Әлібек: Көрініс. «Пәндер айтысы»
Мұғалім: Қарлығаштай қанат қағып самғаңдар,
Есейіңдер өмір жолын таңдаңдар.
Бастауыштан алған нұрлы білімді,
Әрі қарай, ізденіңдер, жалғаңдар, - дегендей бастауышта алған білімдеріңді әрі қарай шыңдай түсіңдер. Бұл пәндердің барлығы да өмірде адам баласына қажет екенін жаңа ғана Ғылым айтып өтті.
«Үлкен адам болсыншы», - деп жан - жақты,
Үлпілдетіп балапандай самғатты.
Мейірімімен мәпелеген біздерді,
Ата - аналар аманбысыз ардақты.
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Айсенім: Ыстық - ау, кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген, - дегендей әкенің орны бөлек ау.
Әлібек: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсын жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
Айсенім: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге елеулі азамат болса, екен дейді. Халқымыздай мынадай нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсын» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
Әлібек: Иә, дұрыс айтасын Айсенім! Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
Мұғалім: Ақ сүт беріп аялаған,
Бізден бәрін аямаған. Жанашырым саялаған, Ол кім? Бәрі: аяулы анамыз. Ендеше, сүйікті де, сүйкімді балалары өз ата - аналарына қандай ән - жырларын арнайды екен. 1 - оқушы: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың, Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың. Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың, Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
2 - оқушы: Ақ шашаты ана - ай күнім балам дейді, Ақылды бала - жастығым анам дейді. 3 - оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, Болармын күні ертең - ақ мақтанышың, Білім алып, тер төгем, еңбек етем, Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! Бір топ оқушының орындауында ән «Алтын анам»
Мұғалім: Анасын керек емес баптамаған, Адам ба ана сүтін ақтамаған. Адам боп жүрмесінші жер бетінде, Анаға махаббатын сақтамаған. Ән: «Анашым» Мұғалім: Көңілін бар шәкірттің таба алатын, Кеуделерге намыс отын жаға алатын. Өзіңдей болса шіркін, барлық ұстаз, Жез таңдай, күміс көмей сөзі алтын, - дей келе келесі құттықтау сөз кезегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нүргүл Бердәліқызына беріледі. Сіздің құрметіңізге кішкентай бишіміз Саяның орындауында «Испан» биі.
Мұғалім: Бесіктегі баланың, Күлгенін көрген – бір мұрат. Алдына түсіп ананаң, Жүргенін көрген – бір мұрат, - деп ата - ананаң өз баласына тек жақсылық тілейтіндігі баршамызға аян. Олай, болса, бүгінгі мерекелік кешімізге куә болып отырған - барша көрермендердің ыстық ықыласын тыңдайтын уақытта жеткен сияқты. Ендеше, мына қорапшаның ішіндегі өздеріңіз қалаған жүрекке, жүректен шыққан жылы лебіздеріңізді бір ауыз сөзбен жеткізулеріңізді өтінемін! Айсенім: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе, Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де, Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін, Сізге арналған бір жүрек қалды ішінде! Мұғалім: (Бесік) Жарайсыңдар, балалар! Олай болса, ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген екен. Ертеңгі еліміздің болашағы - бүгінгі жас ұрпақ, сендерсіндер. Мен сендердің болашақта тәуелсіз Қазақстанды Орта Азияның барысына айналдырып, әлемнің кез - келген елімен терезесін тең ететін ұлтжанды азамат болып өсетіндеріңе сенемін! Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне, Сенімдердің айналыңдар серперіне. Ұстаздық ақ жүрекпен мен тілеймін, Тек – сәттілік шәкірттерім ертеңіңе. Айналайын жап - жарқын жүздеріңнен, Аластайтын жаныңды күз көңілден. Мен сендерге мәңгілік тілекшімін, Тілек тілеп тұратын іздеріңнен. Хор: «Қоштасуға арнау»
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауышым – балбұлағым

Бастауышым – балбұлағым

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда. Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда, -...
Бастауышым - бал бұлағым

Бастауышым - бал бұлағым

Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті ұстаздарды құрметтеп,...
Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!

Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кенті, №86 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смат Айжан Нұржәліқызы...

"Қош бол, бастауыш сыныбым!" сынып сағаты

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Чириковка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Жағыпарова Венера Ерғалиқызы...
Бастауышым – балбұлағым

Бастауышым – балбұлағым

Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×