Сайтқа кіру Тіркелу

Бас иеміз – ана деген тәңірге!

Мақсаты: 1) 8 – наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2) Ана деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет кішіге үлгі бола білуге үйрету.
3) Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интер тақта, нақыл сөздер, шарлар.

Барысы:
Ашылуы: Өзбек биі

Мұғалім: Наурыз келді, көл көсір шуақ құрып,
Қыс барады, қиылып жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

Уақыт ағын, тоқтамайды сол ағын,
Кедергіні бұзып салып тоғанның.
Өзіңдеде дәл сондай бір мінез бар,
Кел Наурыз, аңсай күткен қонағым!

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, аяулы аналар, оқушылар! Сіздерді алда келе жатқан көктемнің жайма шуақ мезгілімен тұстас келген 8 – наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі 1«Б» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен болып отырған «Бас иеміз – ана деген тәңірге» атты мерекелік кешімізге хош келдіңіздер!

Аруназ: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

Қанжарбек: Мен өзіңмен қайда болсам біргемін.
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Мұғалім: «Мейірімділікті анадан үйрен», - деген ғой дана халқымыз.
Ана – мейірімді, құдіретті жан, анасыз өмір жоқ екені баршамызға аян.

Ендеше, асыл да ардақты аналарымыздың құрметіне Орынбасарова
Айдананың орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Мирас: Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймын мейрамыңмен
Құрметті біздің аналар!
Жәния: Көктем күні көрікті,
Күн шұғыла төгіпті
Сол көктемде мереке,
Дүниеге келіпті.
Мадияр: Көктем күні қуатты,
Шашты әлемге шуақты.
Наурыз өзі өмірді,
Нұрландырған сияқты.

Мұғалім: Наурыз келді, Ана жан серпіліңіз
Шуақтанып, шаттанып желпініңіз,
Кеудеңізде керемет оттар жатыр,
Сізден жылу әлемін күткеніміз.

Аруназ: Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән. Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тиесілі. Қанжарбек, сен білесің бе?
Жердің өзіне де Жер – Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па?

Қанжарбек: Дұрыс айтасың, Аруназ!
Ана хақында ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан. Олай болса, бүгінгі айтылар ән - жырымыз сіздерге арналады құрметті аналар!

Ендеше, Бақытбек Дарабоздың орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Фая: Ана өмірдің қуанышы тірегі,
Бала оның жұбанышы жүрегі,
Ана алдында ел жауы да бас иген,
Олар дәйім тыныштықты тілейді.
Жақсылық: Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
Малика: Аяулы менің анашым,
Өсірдің мені мәпелеп.
Түн ұйқыңды төрт бөліп,
«Қошақаным», «Әкем» деп.
Арсен: Айналайын анашым
Ақ сүт беріп өсірген.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Қате кетсе кешірген.
Мұғалім: Ана адамзат мекен ететін жер шарынның әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.

Қанжарбек: Ана деген адамға Атамекен,
Әр адам анаменен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығың,
Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен.

Аруназ: Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай.
Мүбаракова Ақниеттің орындауында «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.

Мұғалім: Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға одан артық тартудың қажеті жоқ.
Құран кәрімде:
“Біз адамдарға ата - аналарына жақсылық жасауды бұйырдық”
“Жұмақтың кілті – Ананың табанының астында”,- деп ананы аса жоғары бағаласа,
Еліміздің Ата заңында:
“Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар - еңбекке жарамсыз ата - анасына қамқорлық жасауға міндетті” деп көрсетілген.
Ия, жарық дүниеге әкеліп, өмір сыйлаған ата – анамызға қандай жақсылық жасасақ та артық болмас еді.

Ақ сүт беріп аялаған,
Бізден бәрін аямаған. Жанашырым саялаған, Ол кім? Бәрі: Аяулы анамыз.
Хор: «Құттықтаймын ана»
Ел басы Н. Ә. Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ», екенін атап өткен.
Ендеше, бір қолымен бесікті тербеткен, бір қолымен әлемді тербеткен аяулы, асыл аналарымыздың жүректен шыққан жылы тілектерін тыңдап көрелік.
«Жүректен шыққан жылы сөз» ата аналар тілектері тыңдалады.
Аруназ: Анасын керек емес баптамаған,
Адам ба ана сүтін ақтамаған.
Адам боп жүрмесінші жер бетінде,
Анаға махаббатын сақтамаған.
Қанжарбек: Тыныштық баршамыздың ұранымыз
Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз,
Арманның асқарында қанат қаққан,
Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.

Ақниет: Мен үлкен боп өскенде,
Ақ сүтіңді ақтаймын.
Мәпелеп сізді аялап,
Алақанымда баптаймын.
Нұрсұлтан:
Баланың да тірегі,
Даланың да тірегі,
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Назгүл:
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз,
Әрқашан да ардақтап,
Бәрі: Анаға бас иеміз!

Мұғалім: Ана, ана! Қасиетті үш әріп
Үш әріптен келемін мен күш алып.
Ана деген қасиетті ұғымнан.
Қанаттанып, шарықтаймын ұша алып.

Хор: «Апатайым анашым»

Мұғалім: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың, Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың. Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың, Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Менің анам - Алтын!

Менің анам - Алтын!

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер, бейнефильмдер арқылы аналарды, сыныптас қыздарды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке,...
8-наурыз мерекесі

8-наурыз мерекесі

Ана десем, алғыс алам халқымнан Ана десем, теңіз болам шалқыған. Ана десем, ашылады қабағым Ана десем, әділдікті ұғамын....

"Аналар - күн шуағы"

Мақсаты: Ата - анаға құрмет тәрбиенің ең маңыздысы. Кішкентай кезінен - ақ балалардың бойына соны сіңіруі. Оқушыларға 8 - наурыз аналар мерекесінің...

"Тіршілік иесінің бәрі - анасымен бақытты" ата-аналар арасындағы тренинг ...

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ізбасқанова Алтын...
Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі

Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі

Білімділігі :Оқушылардың білім шыңына талпынуда алғашқы қадам жасаулары үшін бойларында қандай қасиеттер болуы керек ,неге бейімделу керктігі жайлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×