Сайтқа кіру Тіркелу

Астана - айбынды ақ ордам

Тақырыбы: Астана – айбынды ақ ордам
Мақсаты: Астана қаласының көрікті жерлерін таныстыру және оқушылар бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.
Барысы:
Кіріспе.
Сарыарқа төсіндегі бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана қаласы 1997 жылдан бері астана мәртебесіне ие. Осы күндері Астанада 1 миллионға жуық адам тұрады. 1998 жылы 10 - шілдеде Астананың халықаралық тұсаукесері болды. Сол жылы ЮНЕСКО - ның шешімі бойынша, Астанаға «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы берілді.
Ерке есілдің жағасында болашақ мыңжылдықтарға батыл қадам басқан жаңа Астананың бой көтергеніне уақыт шешімімен алғанда аз уақыт өтсе де, жас қала күннен күнге құлпырып, қанатын кең жайып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуекелшіл бастамасымен өмірге келген тәуелсіз еліміздің бас қаласы Астана бүгінде төрткүл дүниеге танымал әлем астаналарының қатарынан ойып орын алды. Тәуелсіз еліміздің тірегі мен жүрегіне айналған, күн санап жаңарып мәдени дамуымыздың жарқын болашағының рәмізіне айналған Астана қаласы дүние жүзіне өзінің қайталанбас архитектуралық құрылыстарымен таңданыс тудырған мемлекетіміздің бас қаласы.
2011 жылдың 6 - шілдесінде мемлекетіміздің рәмізі, асқақ абыройымыздың айғағы болған әсем Астанамыздың он үшінші мерейлі тойы аталып өтті.
Астананың мерейтойы – ел өміріндегі аса ірі оқиға, Қазақстан халқының мерейлі мерекесі ғасырлар тоғысында тәуелсіз жаңа мемлекет орнатып, байтақ еліміздің дәл ортасынан бас қаламыз Астана салынды. Осыдан тура 17 жыл бұрын, 1994 жылдың 6 - шілдесінде Парламент қабылдаған шешім шын мәнінде тарихи да тағдырлы шешім болды.
Ертедегі ер бабамыз Едігеден бастап, айбынды Абылайға дейінгі хандарымыздың бәрі осы Есіл бойында орда тіккендері тегін болмаса керек. Осы уақыт ішінде Астана әлемдегі ең жаста танымал астаналардың бірі ретінде нақты елордамыз ауқымға ие болды. Біз Астанамыз арқылы мақтанамыз. Биылғы Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен тұстас келген Астана күні ерекше атанып өтті.
(Слайд көрсетіледі.)
Балалардың дайындаған монтаждары
Толғанай, Еркебұлан, Данияр, Бекнұр, Базар өлеңдерін оқиды.
Ғажайып қала – Астана
Мейірбек: Астана қазағымның бас қаласы,
Еркін елдің айбынды астанасы
Гүлденді қазағымның жас қаласы
Көреген Нұр ағаның бастамасы.
Аяулым: Астана айбынды орда қазағыма
Іліккен талай елдің назарына
Есілдің етегінде бой көтерген
Тамсанып қарайды ел ажарына
Даналықтың ескерткіші – Астана
Жаннұр: Нұр астанам, алтын ордам еңселі
Бірлігімнің, теңдігімнің өлшемі
Елдігімнің, көк байрағын көтеріп
Мәңгілікке мақтан тұтам мен сені
Ару аққу: Тамыры бар тереңдерден нәр алған,
Қазақ едік кеудеде көп, сан арман
Алла қолдап еркіндіктің алауын
Жақтық бүгін, даңқың көпке тараған.
Арман қала
Ақжайнақ: «Бәйтерегім» аспанмен таласады,
Ай мен Күндей көркіне жарасады.
Құрыш қолды кіл қайсар азаматтар
Астананы тұрғызған, қарашы әні!
Нұрболат: Ғарышқа мойнын созған ғимараттар
Гүлзарлар мен фонтандар, саябақтар.
Айналаң ертегі ме, аңыз ба әлде...
Кереметке қара да, сырын ұқ, бар.
Бағы жанған бас қала
Жеңісбек: Астанам, беу, жасай бер, хан қаламыз,
Біз сенің ажарыңа таңқаламыз.
Күн сүйген келбетіңе көзайымбыз,
Жарқырап сен тұрғанда арман – аңыз!
Айым: Сен тұрсың елімізге тұлға болып
Ертегі қаласындай қырға қонып.
Алады көздің жауын келбетімен
Ғажайып ғимараттар нұрға бөліп.
Астана тіркесті атаулар (слайдтан Астананың суреттерін көрсету)
«Астана – Бәйтерек» монументі
Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, ең шыңында шишадан түзілген керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Заманауи қаланың көркем бейнесін ашып отырған көрініс кешені 97 метрді құрайды. Ол ел ордасы Алматыдан Астанаға 1997 жылы ауысты дегенді білдіреді.
«Триумф Астана» ғимараты
Сәулетті ғимарат жинақы монументалды 480 бөлмеден тұратын тұрғын үй кешенінен құралған. Ғимараттың жалпы ауданы – 112 мың шаршы метр, ал биіктігі – 142, 5 метр. Инфрақұрылым жабық мұз айдыны, үй кинотеатры, мейрамханалар, тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық жәрдем көрсету және балалар ойын - сауық орталығы, әмбебап дүкендермен қамтамасыздандырған. «Триумф Астананың» мақтанышы кешеннің толық бір бөлігін алып жатқан 25 метрлік қауыз болып табылады.
«Нұр Астана мешіті»
Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі – 43 метр, дан өзге 25 кіші күмбездері бар, биіктігі – 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады.
«Халықаралық – Астана» әуежайы
Кішігірім ұшақтарға қызмет көрсету үшін 1931 жылы негізі қаланған шағын әуежай бүгінде Еуразия құрылығындағы заман талабына сай келетін ең ірі әуежайлардың бірі болып отыр. әуежайда тәулік бойы алыс және жақын шетел аймақтарына ұшатын 40 шақты ұшаққа және 14 авиакомпанияның тұрақты жолаушылар рейстеріне қызмет көрсетеді.
Ән: Дос болайық бәріміз
Қара жорға әні орындайтын Қыздарбай Данияр
Қазақ биі орындайтын Болат Замира.
Хормен: Біз барлығымыз бірге елордамызды және Қазақстанды будан да күшті өтіп гүлдендіре аламыз.
Астанам – бағы биік асқарымсың,
Астанам – мәңгі жарық аспанымның
Астанам – пейіш қала, ел арманы,
Астанам – қайда жүрсем мақтанышым – деп сабағымызды аяқтаймыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×