Наурыз мейрамына арналған қазақтың ұлттық ойындары туралы.
5 «В» және 5 «Г» сыныптары арасындағы сайыс.
1 - жүргізуші:
Ерітіп қарын даланың,
Жайнатып гүлін даланың,
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз - жыл бас ы.
Күлімдеп қарап күміс Күн,
Аспанын бүркеп пүліш түн,
Ұлы күні Ұлыстың
Келді Наурыз – жыл басы.
2 - жүргізуші: Көгіме Күнін өрлетіп,
Ешкі мен қойын төлдетіп,
Келді Наурыз - жыл басы.
Теңеліп түн мен күндізі,
Ымдасып Ай мен Күндізі,
Жайраңдап елдің ұл - қызы,
Келді Наурыз - жыл басы.
1 - жүргізуші:
«Наурыз»- көне иран сөзі, қазақша мағынасы «жаңа жыл» дегенді білдіреді. Наурыздың 22 - күні қазақтар үшін жыл басы - жаңа жыл, күн мен түннің теңелетін уақыты. Сондықтан да Наурыз тойын - Ұлыстың ұлы күні деп атаған.
2 - жүргізуші:
Ұлыстың ұлы күні ағайын - туған адамдар бір - бірімен кездесіп, құшақ жайысып, көрісетін болған. Бір - біріне бақытты өмір тілескен:
Амансыз ба, Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барса, жол болсын!
Ұлыс бақытты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлы береке берсін, Бәле, жала жерге енсін!- деп өздерінің шын жүректен тілектерін айтысқан.
1 - жүргізушісі:
Ұлыс күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Шалдар бата беріскен,
«Сақтай гөр деп, терістен»
Кел, таза бақ, кел десіп,
Ием тілек бер десіп - деп бір - біріне жақсылық тілеп, бата беріскен.
2 - жүргізуші:
Халық барды - жоғын қазанға салып көпке берсе, сонда жыл берекелі, мерекелі болады деп ұққан. Наурыз күні жеті түрлі тағам қосылған наурыз көже дайындалады. Сонымен қатар ойын - сауық ұйымдастырылып, өнерлерін көрсеткен.
1 - жүргізуші:
Бізде халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрінен қалыспай, көрші отырған екі ауылдан бір топ жастардың ұйымдастырумен ұлттық ойындардан сайыс өткізгелі отырмыз.
1 - топ 5 «В» сыныбы «Жасұлан» және 5 «Г» «Тұлпар».
2 - жүргізуші.
Бүгін сайысқа қатысқалы отырған екі ауылдың жастары жеңісті бір - біріне оңайлықпен бермес.
1 - сайысымыз - Таныстыру. Әр топ өз атын, ұранымен таныстыру керек.
1 - жүргізуші: Ұлттық ойындардың адамға тигізер пайдасын халық ертеден білген. Халық арасында «Денсаулық - зор байлық» деп бекер атамаған. Адамның денсаулығына жас кезінен бастап қалыптасу керек.
Кезекті ұлттық ойындар сайысына кезек берейік.
2 - жүргізуші: Келесі сайысымыз - «Арқан тартыс». Ойын ережесі мынадай: Ұзындығы 8 - 10м жуан кендір арқан керек. Арқанның тең ортасына орамал немесе шүберек байланып, белгі жасалды. Арқанның екі жақ шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойнаушылар қос қолдап тартып тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша жігіттер арқанды өз жақтарына қарай тарта бастайды. Екі жақтың қай жағы орталық сызықтан бұрын сүйреп өткізіп алса, сол жағы жеңді деп есептеледі.
1 - жүргізуші: Келесі балалардың сүйіп ойнайтын ойыны - «Соқыр теке». Қатысушылар саны 10 - нан аспау керек.
Ойын ережесі: Балалар дөңгелене тұра қалып, орталарына көзін байлап, «соқыр текені» шығарады. Шеңбер бойында тұрған оқушылар білдірмей соқыр текені түрткілей бастайды. Ол өзін түрткен оқушыны ұстап, атын атау керек. «Соқыр теке» көзі байлаулы болғандықтан өзін түртпеген, орында тұрған ойыншыны ұстап алып, атын айтуы мүмкін. Онда ұсталған оқушы «соқыр теке» болады.
2 - жүргізуші: Келесі ұлттық ойынның бірі - қазақтан ертеден келе жатқан спорттық ойындардың бірі - «қазақша күрес». Халықтың «Күш атасын танымас» деген асыл сөзі осыдан қалса керек. Әр топтан бір - бір бала шығып күш сынасады.
1 - жүргізуші: Келесі ұлттық ойындардың бірі - кір тас көтеру. Әр топтан бір оқушы шығып, әлі жеткенше кір тасты бір қолымен көтеру керек.
2 - жүргізуші: Келесі ұлттық ойындардың бірі - күш сынасу. Бұл сайысқа барлық топ оқушылары қатысады.
1 - жүргізуші:«Тұлпар» мен «Жасұлан» тобы арасындағы ұлттық ойындар бойынша сайысымыз осымен аяқталды. Келесі кезекті төрешілерге береміз.
Наурыз мейрамына арналған сайыс
- gulsim
- 11 наурыз 2013
- 33002
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, Наурыз мерекесіне арналған, сыныптар арасындағы сайыс
Ұқсас жаңалықтар:
Қош келдін, Наурыз!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;...Армысың, әз Наурыз!
Наурыз көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды...Жыл басы – Наурыз
Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа,...Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!
Наурыз тойы – тамаша Наурыз тойы – жаңаша Табиғат та тамаша Тамылжып тұр жараса...«Жыл басы - Наурыз»
Бекбауов Нұрбек Сембайұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы №9 орта мектеп мұғалімі. «Жас ұрпаққа тәрбие берудегі жаңа инновациялық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.