КҮЗ – БЕРЕКЕ, КҮЗ – МЕРЕКЕ
(ашық тәрбие сағаты)
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ұстаздар!
2 - жүргізуші:
Қош келдіңіз көрермен,
Отырыңыз қол соғып,
«Алтын күз» кешіне.
Шат күлкіге бөлене.
1 - жүргізуші:
Бүгін, міне, қуандырып біздерді,
Берекелі күз келді, мерекелі күз келді!
Күзді қарсы алайық!
Күз:
Сәлем, өрен достарым,
Қымбатты сый алыңдар,
Өмірге көп қосқаным.
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты!
2 - жүргізуші:
Көбейді құт - береке,
Құтты болсын мереке,
Астық толы қоймамыз.
«Алтын күзді» тойламыз!
1 - жүргізуші:
Өнім үйіп тастадық,
Берекелі алтын күз,
Оқуды да бастадық.
Ашық болсын аспаның!
Хор: «Алтын күз»
Келді міне алтын күз,
Астық толды қырманға,
Бақшамызға арайлы.
Қызу еңбек басталды.
Қуанамыз бәріміз,
Жеміс - жидек бақшаның,
Алтын күзге шырайлы.
Ауласында жиналды
Ля - ля - ля - ля - ля Ля - ля - ля - ля - ля
Алтын күзге шырайлы.
Ауласында жиналды.
Берекелі күз келді,
Мерекелі күз келді.
Тілейміз әркімге
Молшылық пен байлықты!
Ля - ля - ля - ля - ля
Молшылық пен байлықты!
1 - жүргізуші: Мен – Күзбін. Өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз - жасымды аямай төгіп - төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым, ақкөңілдігім үшін халық мені ұнатады.
2 - жүргізуші: Иә, сізді байлық, молшылық, дархан күз деп білеміз. Біздің сізге арнаған сыйымыз бар. Сізге арнап үш топ өз өнерін көрсетеді. Соны тамашалаңыз!
Күз:
Барлығыңды қимаймын,
Бір айға нәр бір демім,
Барымды мен сыйлаймын.
Өздеріңмен біргемін - деп себетке салынған жеміс - жидектерін, сыйлықтарын көрсетіп, әділқазыларға да береді.
Оқушылар хормен: «Жаса, жаса, Алтын күз!»- деп айтады.
1 - жүргізуші: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын!
2 - жүргізуші: Көңілдің серіппелі күйін ашсын!
1 - жүргізуші: Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып
2 - жүргізуші: Береке бірлікпенен ортақтассын,- дей отырып, құрметті көрермендер, бүгінгі мектебімізде жыл сайын өтетін дәстүрлі «КҮЗ – БЕРЕКЕ, КҮЗ – МЕРЕКЕ» атты мерекелік сайыс түрінде өтетін тәрбие сағатына жиналып отырмыз.
1 - жүргізуші: Бұл сынға үш топ қатысқалы отыр. Алдымен әділқазылар алқасымен таныстырайық: мектебіміздің директоры - Айман Оразовна, директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Айгүл Болатовна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Кәмшат Болатовна, және бастауыш сынып кафедрасының меңгерушісі - Ақшагүл Мәжитовналарды орындарына отыруды өтінеміз.
2 - жүргізуші:
Уа, халайық, халайық, Сәлем жолдап баршаңызға Бәріне жар салайық! Келіп тұр бүгін топтар ортаңызға!
1 - жүргізуші:
Енді, құрметті көрермендер, «Көкөністер», «Жемістер», «Астықтар» тобын орындарына отыруды сұраймыз.
2 - жүргізуші: Кештің шартымен таныстырайын:
1. Таныстыру(өз тобы жайлы мәлімет беру, слайд - шоу жасау - 5 балдық ұпай)
2.
3. Өз өнерлерін көрсету(1ән, 1 би немесе 1күй – 5 балдық ұпай)
4. «Ойлан, тап!» жұмысы (мұнда әр топ үш жұмбақтан жасырады, қай топ дұрыс шешсе, сол топқа 1 ұпайдан қосылады)
5. Шығармашылық жұмыс (өз ойларынан ертегі шығарып, сахналау, - 5балдық ұпай)
6. «Сыңарым қайда?» жұмысы (мақал - мәтелді тыңдап, жоғалған сөзді табады - 1ұпайдан)
7. Сурет және қол еңбек көріністері, «Күз – береке, күз - мереке» тақырыбына әр топтан 1 шығарма – 5 балдық ұпай
8. Қорытынды. «Сәнді киім» парады. Марапаттау.
Мұғалім: Ендеше, сайысымызды бастайық. Әр топ ортаға шығып, өздерін таныстырсын. Қалған жұмыстар жоспар бойынша ретімен жүре береді.
Сайыс соңында Күз сөйлейді:
Рахмет, достар, өнеріңе! Талмай еңбек етіңдер,
Уақыт өтпес тірліксіз, Қыстан аман өтіңдер.
Бақыт келмес бірліксіз.
- Барлығың өнерлі, білімді, талантты екенсіңдер. Енді мен қайтайын. Келесі жылы келермін. Мені қуандырып қарсы алдыңдар, риза етіп шығарып салыңдар. Қош болыңдар, келесі жылы амандықпен кездесейік!
Хормен: «Сау болыңыз, Алтын күз!»
1 - жүргізуші: Осымен «КҮЗ – БЕРЕКЕ, КҮЗ – МЕРЕКЕ» атты мерекеміз аяқталды. Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына берейік.
Күз – береке, күз – мереке
- мака
- 19 ақпан 2013
- 27928
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, күз мерекесі
Ұқсас жаңалықтар:

Берекелі алтын күз
Қош келдіңіз көрермен Бүгінгі ертеңгілікке Отырыңыз қол соғып Шат күлкіге бөлене...
Аяулы күз, Алтын күз
Армысыздар ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі жас достарым, Берекелі де мерекелі «Аялы күз, Алтын күз» мерекелеріңіз құтты болсын. Әрбір күніміз...
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр
Жаңа Жыл - Жаңа Жыр 1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар. 2 - жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын....
«Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілік
Атырау қалалық №20" Алтын балық"мүмкіншіліктері шектелген балалар арналған балабақшасы саз - іс әрекеті маманы Ғилажова Лариса Байболатқызы...
Алтын күз
Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді. Кел, жемісті алтын күз, Кемелденсін халқымыз....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.