Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Сапақкөл орта мектебі
Узакбаева Салтанат Бекбергенқызы
«Ұланымыз – ұлы елдің» Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай «Жас ұлан» балалар ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімі
«Жас ұлан» ұйымына қабылдау мақсаты: оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, шығармашылық және танымдылық белсенділігін арттыру;
Міндеттері: мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, әлеуметтік – танымдық бастамаларды жүзеге асыру; мектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.
Безендірілуі: Мемлекеттік рәміздер (Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы). «Жас Ұлан» ұйымының туы, «Жас Ұлан» белгісі бейнеленген баннер
Салтанатты жиынның өткізілу барысы:
Музыка
Жүргізушілер шығады
Ажар:Армысыздар, қадірлі жас достар, ұстаздар және қонақтар!
Сандуғаш: Сапақкөл орта мектебінің мектеп оқушыларын «Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Ажар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізілсін!
ҚР Мемлекеттік Гимні орындалады.
Сандуғаш: Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның 13 съезінде жастарға арнаған сөзінде :
Ажар: - Қазір сіздер үлкен өмірге қадам басасыңдар. Сіздер ата-аналарың мен Отан алдында өз міндеттерің барын сезінулерің керек. Ол міндет сіздердің өмір жолдарыңды айқындайды, сонымен бірге нағыз азаматтың борышы мен құқығын анықтайды. Мен сіздерді бәрінен бұрын, қалыптасып келе жатқан тұлға, кәсіби маман және шынайы патриот ретінде көремін. Бұл формуланы мен өмірімнің барлық кезеңінде өз ойыма түйдім. Ол маған әрдайым көмектесті.
Сандуғаш: Патриот болу – бұл өз Отаныңды шынайы сүю. Өзіңе және өз халқыңа сену, қоғамға қызмет жасау. Жас ұрпақ өзгерістерден қорықпауы тиіс, керісінше, өміршең, серпінді жобаларды ұсынулары керек. Біз өз армандарыңды жүзеге асыру үшін, өз жоспарларыңды іске асыру үшін барлық жағдайды жасадық және өз болашағымыздың іргесін қаладық. Мен оған сеніммен барамын және сіздер – жас қазақстандықтар, топтасқан біртұтас команда ретінде менімен бірге жаңа биіктерді бағындырасыздар! Мен сіздерге сенемін! – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Ажар: «Жас ұлан» республикалық қоғамдық ұйымының туын алып шығуға дайындалыңдар! Ту әкелінсін!
Сандуғаш:
Жас ұлан –жігерлі де жайдары ұйым
Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым!
Жаңғырып, жанданатын жылдан-жылға
Жасұлан –жалынды ұйым, айбарлы ұйым.
Ажар:
Ендеше, оқушылар «Жас ұлан» ұйымының мақсат, міндет, ережелерімен танысуға дайынсыздар ма?
Оқушылар : Дайынбыз! Дайынбыз!Дайынбыз!
Сандуғаш:
«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:
Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.
Ажар: Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік гимнды жатқа айту керек.
Сандуғаш: Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал.
Ажар: Жасұлан ұйымының мүшесі – Отанын шексіз сүйеді.
Сандуғаш: Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
Ажар:Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал дос
Сандуғаш: Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде , міндеттісің!
Ажар: (Рапорт беріледі).
Құрметті Салтанат Бекбергенқызы!
Қазақстан Республикасының Конституция заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Үкімет қаулыларының нормалары, жастар ісі жөніндегі бағдарламалардың талаптары негізінде құрылған «Жас ұлан» ұйымына Сапақкөл орта мектебінің оқушыларын қабылдауға рұқсат етіңіз!
Салтанат Бекбергенқызы: Рұқсат етемін!
Ажар: Мектеп, түзел, тік тұр!
Музыка
Сандуғаш: «Жас ұлан» ұйымына қабылданатын оқушылар, ант қабылдауға дайындалыңыздар!
Сәбира:
АНТ
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ, АНТ ЕТЕМІЗ!
(Ант қабылданады.)
Ажар: «Жас Ұлан » ұйымына қабылданған оқушыларымызға төсбелгі тағу рәсімі Сапақкөл орта мектебінің директоры Жолдыбаева Дана Саубайқызына
Сандуғаш: Сарбие ауылдық округінің әкімі Оразбаев Берік Бегіманұлына
Ажар: «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының депутаты Жақып Жұмабай Жарылғасынұлына
Сандуғаш: Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есмұханов Рысбай Қылышбай- ұлына
Ажар: Сапақкөл орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Абдрахманов Сембай Хасенұлына беріледі.
Сандуғаш: Құттықтау сөз Сапақкөл орта мектебінің директоры Жолдыбаева Дана Саубайқызына беріледі беріледі.
Ажар: Біз!
Бәрі: Жас ұлан!
Ажар: Ұранымыз
Бәрі: Қазақстан! Нұрсұлтан! Жас ұлан!
Сандуғаш: Құрметті «Жасұлан» және «Жас қыран» ұйымының мүшелері!«Жасұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз!
Олай болса, «Жасұлан» ұйымының туы көтерілсін!
«Жас ұлан» ұйымының әні
Сапақкөл орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларының сапта жүру жаттығуларын тамашалау
Ән «Егемен ел - Қазақстан».
Би
Сандуғаш: «Жас ұлан» республикалық қоғамдық ұйымының туын шығаруға дайындалыңдар! Ту шығарылсын!
Ажар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы салтанатты түрде шығарылсын.
Ажар:
Ризамыз дәл осындай жастық шаққа,
Не жетер, Жас ұлан деген лайық атқа!
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа!
Сандуғаш:
Сапақкөл орта мектебінің оқушыларын «Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
Ұланымыз- ұлы елдің
- Салтуша
- 22 желтоқсан 2012
- 16959
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тәрбие сағаты, туған жер, жас ұлан ұйымына қабылдау рәсімі, отан
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздікке Жасұландарды қабылдау сценарий
СКО, Район им Г. Мусрепова С. Новоселовка Новосельская средняя школа Сыздыкова Гулюм Утегеновна...«Жас ұлан» - Қазақстанның жасөспірім қанаты» атты іс-шара
Бірінші Перезидент күніне арналған «Жас ұлан» - Қазақстанның жасөспірім қанаты» атты іс - шара. Мақсаты: оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу....«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»...Оқушыларды ұйымға қабылдау
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі Өтетін орны: Жамбыл атындағы...Алғашқы қоңырау 2024
«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиының сценарийі Жоспары: 1. Сапқа тұрғызу 2. Қонақтармен таныстыру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.