Сайтқа кіру Тіркелу

Мемлекттік рәміздер- ұлт мақтанышы

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға мемлекеттік рәміздер тарихы туралы жаңа ақпараттар бере отырып, жинақтаған білімдерін тиянақтау.
2. Оқушыларды өз ойын, пікірін айта алуға дағдыландыра отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуын дамыту.
3. Өз елі мен жерін сүюге, отанын құрметтей білуге, мемлекеттің құндылықтарын қорғай алуға, мемлекеттің жетістіктеріне қуана біліп, мақтан етуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ҚР рәміздері, Лондон-2012 Олимпиада жеңімпаздарының суреттері, суретті кітаптар, рәміздер туралы DVD диск.

Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылармен амандасу.
- Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.
- Әнұран айту.

ІІ. Негізгі бөлім.
- Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ел Тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Көне түркі дәуірін айтпағанның өзінде, бергі XV ғасырда Қазақ хандығының да өз байрағы, шекарасы болған. Кеңестік дәуірде де одақтас республикалардың бірі ретінде Қазақстанның Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болды. Бірақ бұл толық дербестігімізге, егемендігімізге кепілдік бере алмайтын еді. Біз одақ құрамындағы бодандық құрсауындағы ел едік. Еліміз толық тәуелсіздікке 1991 жылы ғана қол жеткізді. Әлемдік қауымдастық бізді дербес мемлекет ретінде тани бастады.

Неге мемлекеттік рәміздерге осынша мән беріліп отыр? Өйткені Отанға деген сүйіспеншілік, ел тарихына құрмет мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен басталады. Тәуелсіз Қазақстан рәміздері біздің болашағымыздың, еліміздің орнықты, оң үдерісте дамуының ерекше белгілері.
Кеше ғана 17 жылдығы аталып өткен ҚР Конституциясын да Мемлекеттік рәміздердің ажырамас бөлшегі ретінде құрметтей білуіміз қажет. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың басты міндеттері еліміздің осы құндылықтары жайлы сендердің білімдеріңді зерделеу.

- Ой қозғау бөлімі (оқушыларға сұрақтар қою)
1. Тәуелсіз Қазақстан тарихында Конституция қанша рет қабылданды? (2 рет, 1993 жылы, 1995 жылы)
2. Қолданыстағы Конституция қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)
3. ҚР Конституциясының 1 бабы 1 тармағында не туралы айтылған? (ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі және құқықтары мен бостандықтары)
4. Ата заңымыз бізге қандай кепілдіктер береді? (Адамдық қадір-қасиетімізге қол сұғылмауына; Тіліміз бен дініміздің дамуына; Ар-ождан бостандығы құқығын қорғауға; Адал еңбегіміз бен тапқан мүлкіміз бен меншігімізді сақтауға)

Қосымша ақпарат:
Конституциямыздың 7 бабында: «ҚР Мемлекеттік тіл –қазақ тілі»; 14 бапта: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең»; 29 бапта: «ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар»; 30 бапта: «азаматтарды мемлекеттік оқу орындарын тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті» делінген. 98 баптың 2 бабында еліміздің рәміздері туралы айтылған. Олар 9 және 34 баптар. 9 бапта: «ҚР мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді» делінсе, 34 бап 2 тармақ: «Әркім республикалық мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» делінген. Ендеше рәміздер туралы білімдеріңді саралайық.

- Ой қозғау бөлімі (оқушыларға сұрақтар қою)
1. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? (1992 жылы, 4 маусым)
2. Туға сипаттама бер.(Ту көгілдір түсті мата, ені 1 м, ұзындығы 2 м, Авторы – Шәкен Ниязбеков)
3. Тудағы бейнеленген элементтер туралы не білесіңдер? (Оқушылар жауаптары тыңдалады)
4. Елтаңбаның авторлары туралы не білесіңдер? (Авторлары- Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов)
5. Елтаңба элементтері нені білдіреді? (Оқушылар жауаптары тыңдалады)
6. Әнұран жайлы қандай ақпараттармен бөлісе аласыңдар? (Алғашқы гимн 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған. Қазіргі Әнұранымыз 2006 жылы қаңтар айында қабылданды)
7. Әнұран авторлары жайлы айтып өтсеңдер? (Оқушылар жауаптары тыңдалады)
Мұғалім:
Сонымен рәміздер дегеніміз не?
(мемлекеттердің барлығын бір-бірінен ажырататын және өзіндік бет бейнесін айқындайтын нышан - белгілері)

Қосымша ақпарат:
Мемлекет басшыларын қарсы алу және шығарып салу кезінде сол елдердің Әнұрандары орындалады. Бұл – мемлекеттің екінші мемлекетке ресми түрде көрсеткен жоғары дәрежедегі құрметі. Шетелдегі әртүрлі ресми іс-шараларда, Парламентаралық мәжіліске қатысқан депутаттардың жанында Туымыз тұрады. Шетелдерде Ту екі жағдайда көтеріледі:
- Мемлекет басшысының басқа елге сапары кезінде;
- Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда.

Мұғалім:
Балалар, биыл ХХХ жазғы Олимпиада «тұманды альбион» жері Англияда өткенін жақсы білесіңдер. Дүбірлі додада топ жарып, егемен еліміздің абыройын асқақтатқан спортшыларымыздың жетістіктеріне шаттанып үлгердік. Әсіресе алтыннан алқа тағынған толағайларымыздың арқасында Лондон төрінде 7 рет Көк Туымыз биікке көтеріліп, 7 рет Әнұранымыз шырқалды. 7 саны қазақ халқы үшін киелі екені салт-дәстүрімізден белгілі. Біз спортшыларымыздың әрқайсысымен мақтануымыз керек. Олардың мемлекеттің намысы үшін жасаған ерліктерінен үлгі алуымыз керек. Сендер де дәл сол саңлақтарымыз секілді елін сүйер азамат, Отанының басты құндылықтары - туған тілді, дінді, рәміздерді, ата заңды қастерлеп, қорғай алатын тұлға болып қалыптасатындарыңа кәміл сенемін.

ІІІ. Қорытынды бөлім.
Мұғалім:
- Сонымен, балалар, бүгінгі тәрбие сағатын түйіндесек. Ол үшін «Қазақстан» атты сөз жұмбақты бірігіп шешейік:
1. Қазақстан жерін мекендейтін халық? (қазақ)
2. Лондон олимпиадасында жұлқа көтеруден 95 келі, серпе көтеруден 131 келі көтеріп, олимпиялық және әлемдік рекордты бұзған ауыр атлет? (Зульфия Чиншанло)
3. 63 келіге дейін салмақта олимпиялық рекорд жасаған ауыр атлет? (Майя Манеза)
4. Елтаңбаларды зерттейтін ғылым саласы? (геральдика)
5. Елтаңбаның екі жағында не бейнеленген? (пырақ)
6. Еліміз солтүстік батыста қай елмен шектеседі? (Ресей)
7. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға қандай атақ берілді? (Бейбітшілік қаласы)
8. Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманы? (Қайрат Рысқұлбеков)
9. Түркияда ҚР Президентіне арналып ескерткіш ашылды. Ескерткіш қай қалада орналасқан? (Анкара қаласында)
Терең тағлымға толы тәрбие сағатында белсенділік танытқандарың үшін рахмет! Елін сүйер, жерін қорғар, салт-дәстүрді қадірлер азамат болуларыңа тілектеспін!
Кері қайту
Ілмек сөздер: Тәрбие сағаты, рәміздер
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×