Сайтқа кіру Тіркелу

Бастауышпен қоштасу

Кайдакова Жанат Бекболатовна
«Сымбат» жеке мектебі
Ақтөбе қаласы

Тақырыбы: Бастауышпен қоштасу

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру. Мектепте, яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті ағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақылдарын, ой-өрістерін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білім есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныстыра отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Мұғалім: Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын білімге жас кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.
Бастауышты халық та дәріптеген
«Білім көзі» деген сөз анық деген.
Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен.
- Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп, бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса, 4 «А» класының «Бастауышым – бастамам, Білім жолын бастаған» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұнда күй болған сірә қаншаңыз да?
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 «А» сыныбын ортамызға.
(Оқушылар ортаға сахнаға шығады)
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман-тілек, талаптарың.
Қабылдап алғанымда 9 едің,
9-ыңды жекелеп парақтадым.

Білім деген қауыздан гүл ашылған
Оған керек таусылмайтын көп шыдам.
Бар білімнің, бар ілімнің атасы
Бастау алар бастауыш сатысынан

Енді міне, сағымдай боп өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз – ана жасады мына бізден,
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Білім бар білім десең баста піскен
Қолда оқулық бәрі де тасқа түскен.
4 жыл бойы саялы мекен еткен
Қоштасайық енді біз бастауышпен.

Бастауыш бұнда өткен бала шағың,
Соқпай кетпес бұл жерге қаласа кім?
Еліміздің әу бастан–ақ дайындауда
Саналы азаматын, болашағын.

Қағылды міне, әуенге бөлеп,
Қағылды соңғы қоңырау.
Қалайша 4жыл тез өтіп кеткен
Шындық па осы, япыр-ау !
Расында да, 4 жыл 4 күндей өте шықты ғой. Олай болса шәкірттердің тілегін қабыл алыңыздар.

Рабиға Мұхитқызы анашымдай аялаған,
Нұрланған шуағымсың саялаған.
Айналдық мейірімді жүрегіңізден
Шәкірттен өз бақытын аямаған.

Жаулап алып бар шәкірттің жүрегін
Жанат Утепбергенқызы есіміңізді әнге бөлеп жүреміз
Пейіліңізге ұқсап тұрып біз сізді
Әлемдегі әсем гүлге теңедік.

Жүрегі нұр Динара Уразбайқызының
Сондықтан да бір өзіңе ұқсадым.
Адам жанын тәрбиелеп аялар
Құрметтейміз біз сізді әрдайым.

Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ақөрік Сағырбайқызы неткен мықты төзімдісің,
Шәкіртім білім алсын, білсін дейсің.

Ұстаздардың арқасында шаттандық,
Сөзін ту ғып болашаққа аттандық.
Мектебімде ұстазым бар логопед Сәуле Хамитқызы
Барлығымыз жүретұғын мақтан ғып.

Музыка атты пәніміз,
Айтылар онда әніміз.
Жолашар ағай үйретсе
Шырқатамыз бәріміз.

Айнагүл апайды шебер домбырашы дер едім,
Айтыңдаршы таласады оған кім?
Еленуде бізге істеген еңбегі,
Айтамыз алғыс шәкірттері сізге мың.

Орыс тілі әр кезде керек ертең
Мәриям апайымыздың көңілі өте көркем.
Ашық жарқын жанары қашан көрсең
Барлық жандар осындай болса екен.

Бота апай нағыз биші ұстазсыз,
Сондықтан да бір өзіңе ұқсадым
Шаршасаң да, сездірмей күлімдейсіз,
Шәкіртім би үйренсін, білсін дейсіз.

Жүрегімді Гүлжайнар апай берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймыз бізге үйреткен ағылшынын
Мәңгі бақи есімізде қалады.

Райса Санжовна жан ұстазым,
Сізден үйрендік әртістік қыр-сырларын.
Саяң ыстық, сіз мәуелі бәйтерек,
Тамырланып, сан тарапқа тараған.

Мектебімде Бекболат ағай мен Руслан ағайлар бар
Бізді олар секіртеді, жүгіртеді.
Жаттығудың неше түрін жасатып,
Әрқашан денең шымыр болсын дейді.

Жанат апай
Түзеттіріп шалалықты,
Есейттіңіз балалықты.
Ойламайтын ертеңін
Ойсыз кейбір еркені
Түзеп жөнге салдыңыз
Ел алғысын алдыңыз.
Сабырыңыз құрыштай
Жөн айттыңыз ұрыспай.
Түзедіңіз тентекті
Тұрғызбай-ақ бұрышқа.
Сізден ізгі кішілікті,
Үйрендік біз кісілікті.
Бойлаттыңыз тереңіне ғылымның
Алғысымыз сізге біздің шексіз мың!

Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі біздей азамат болғалы тұр.
Біріншіге келетін балаларға
Тапсырамын білімнің мен кілтін.

Болашағы бейне қызыл қыр гүлі,
Бүлдіршінді аяласын күн нұры.
Жаңа табыс жақсы күнге бастасын,
Бүгін соңғы қоңырау сыңғыры.
Бастауыш сатының соңғы қоңырауы соғылсын!
Кері қайту
Ілмек сөздер: Бастауышпен қоштасу
Ұқсас жаңалықтар:
Қош бол бастауыш

Қош бол бастауыш

Ақмола облысы, Енбекшильдер ауданы, Совет негізгі мектебі Султанов А.С. Кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай...
Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!

Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кенті, №86 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смат Айжан Нұржәліқызы...
Бастауышым - балбұлағым

Бастауышым - балбұлағым

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, №1 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Құрмашева Нұргүл Алтайқызы...
Аттанайық бала шақтан болашаққа

Аттанайық бала шақтан болашаққа

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру. Мектепте,...
Бастауышым – балбұлағым

Бастауышым – балбұлағым

Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×