Сайтқа кіру Тіркелу

Ертегі айта білеміз бе?

Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі
Бастауыш сыныбының І санатты мұғалімі
Макуова Нуршат Аманкосовна

Тақырыбы: Ертегі айта білеміз бе?
Мақсаты: 1.Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегі туралы түсінік беру.
2.Есте сақтау қабілеттерін арттыру,өз бетімен жұмыс жасауға бейімдеу.
3.Алғыр,ізденімпаз,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ертегі кітаптар,нақыл сөздер,тақырып жазылған плакат,суреттер,т.б.

Жүру барысы:
I.Ұйымдастыру
II.Кіріспе
Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі өткелі отырған шарамызды ашық деп жариялаймыз. Бәріміз де кішкентайдан әжелеріміздің ертегілерін тыңдап өстік.Міне,бүгін де біз жаздың бір шуақты күнінде тағы да ертегілер әлеміне саяхат жасамақпыз. Сайыс «Әжемнің ертегілері»өлеңімен ашылады.
Жүргізуші:
Әжем менің көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды.
Еліктіріп,ертек бізді баурайды,
Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды.
«Айта берсе екен» деп,
Отырамыз «Ұйқыға әлі ерте» деп.

II.Сайыстың бағдарламасы
1.Таныстыру.
2.Кішкентайынан жатқа білетін ертегісін баяндап беру,айту.
3.Ертегі кейіпкерінің дыбысын сомдау.(образға ену)
4. «Лагерь» тақырыбына ертегі құрастыру.

III.Негізгі бөлім
Бұл шараға 4 топ мүшелері қатынасады.
1-топ «Балдәурен»
2-топ «Ақкөгершін»
3-топ «Балдырған»
4-топ «Болашақ»

1.Таныстыру.
- Топ мүшелері өздерін таныстырады.
2.Кішкентайынан жатқа білетін ертегісін баяндап беру,айту.
1-топ «Балдәурен»- Мақта қыз бен мысық.
2-топ «Ақкөгершін»- Алтын балта.
3-топ «Балдырған»- Түлкі мен қырғауыл.
4-топ «Болашақ»- Аңқау арыстан.

3.Ертегі кейіпкерінің дыбысын сомдау.(образға ену)

1-топ «Балдәурен»- Мақта қыз бен мысық.
- Мысық кейпін көрсету.
2-топ «Ақкөгершін»- Алтын балта.
- Аңқау шалды сомдау.
3-топ «Балдырған»- Түлкі мен қырғауыл.
- Айлакер түлкіні салу.
4-топ «Болашақ»- Аңқау арыстан.
- Арыстан бейнесін сомдау.

4. «Лагерь» тақырыбына ертегі құрастыру.
Әр топ өз бетінше ертегі құрастырып 10 минуттан соң құрастырған ертегісін әңгімелеп айтады.
Шарты:1.Ертегінің басы болуы керек.
2.Негізгі бөлімі.
3.Ертегінің соңын жақсылықпен аяқтау. (мұратына жету)

IY.Қорытынды
«Ертегі айта білеміз бе?» атты шараға қатысқан топ мүшелеріне рахмет айтылып,төмендегідей мақтау қағаздарымен марапатталады.
1.Тоқберген Медеу
2.Бесжан Асылзат
3.Тынышбай Ақнұр
4.Дүйсенбай Жомарт
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Түлкі мен ешкі ертегісіндегі кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі

Түлкі мен ешкі ертегісіндегі кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі

Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегілер халқымыздың...
Аңқау арыстан

Аңқау арыстан

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер. Аңқау арыстан Сабақтың мақсаты: 1. Ертегі түрлерімен таныстыра отырып, ертегіні түсініп оқу, ертегі кейіпкерлерінің іс...
Мақта қыз бен мысық

Мақта қыз бен мысық

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка ауылы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы...
Ғажайып бір минут

Ғажайып бір минут

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Бастауыш сыныбының мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна Тақырыбы:Ғажайып бір минут. Мақсаты: 1....
Армандай білеміз бе?

Армандай білеміз бе?

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Бастауыш сыныбының І санатты мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна Тақырыбы: Армандай білеміз бе?...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×