Сабақтың мақсаты: білімалушыларға кітап туралы мағлұмат бере отырып, оқуға қызығушылығын арттыру, жазушы мен ақындардың шығармаларын оқуға баулу, танымын тереңдету. Қызықты тапсырма бере отырып ойы мен қиялын дамыту. Мәнерлеп оқуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, кітаптар.
Тақырыпты ашу
«Жұмбақ әдісі»:
Балаларға жұмбақ жасырады
Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін.
(Кітап)
Кітап арабтың «жазу» деген сөзінен шыққан. Ол тарих шежіресі, оқу – тәрбие құралы болып табылады. «Оқымасаң ой тоқырайды» кітап оқымағанның ойы таяз, санасы төмен болатының дәлелдейді.
Енді балалар кітаптың шығу тарихы туралы білесіңдер ме?
Алғашқы кітап осыдан бірнеше жылдар бұрын пайда болған. Ол біздің қолымыздағы кітапқа ешқандай ұқсамаған. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған. Жұмсақ балшыққа үшкір затпен жазып, оны кептіріп, сосын күйдірген. Ол кірпіш сияқты болған. Бамбук деп аталатын өсімдіктен таяқшалар әзірленіп, соған да жазған. Кейіннен жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып, кітап соған жазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болған. Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.
Қағаз туралы түсінік. Қағаздың негізгі материалы
– ағаш. Ағаш орманнан кесіледі, жүргізушілер жүк машиналарымен фабрикаға жеткізеді, фабрика жұмысшылары ағашты өңдеп одан қағаз жасайды. Дайын қағаз кітап шығарылатын баспаханаларға жеткізіледі.
Кітап қалай жазылады? Жазушылар, ғалымдар кітаптың мәтінін құрастырады, оны әріп терушілер кітап бетіне түсіреді, суретшілер кітаптың мазмұнына сай суреттермен безендіреді. Осылайша дайын болған кітаптар білім мекемелеріне, сауда орындарына таратылады. Ал балалар кітап шығару үшін мыңдаған адамдардың маңдай терінің бар екенін және көп мөлшерде қаржы бөлінетінің үнемі естен шығармау керек. Сондықтан кітапқа үнемі құрметпен қарап, таза ұстау керек.
Дүниеде бір дария беті қайтқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан.
(Оқу, білім)
Көркемсөздер легі
Кітап – біздің досымыз Шаймолданова К.
Адамның досы – кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысақ кітап сырын ашып неден.
(Орашев Еркебұлан)
Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
Кітаптар – бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің.
Оқисың кейде жаттап,
Көтеріп күйін көңілдің.
Елімізде де атақты,
Ғалым ата не тапты?
Бәрін, бірін білесің,
Оқи берсең кітапты.
(Қойлыбай Дастан)
«КІТАП – ақылшың, әрі досың» Бейсенгожанова Ш. Н
Кітап!
Сен адамзаттың жақын досы,
Келмейді сені оқымай көңіл қошы.
Ел мұны, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіне осы.
Кітап,
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.
(Мұхаммедин Асылай)
Кітап!
Сен адамзаттың жақын досы!
Келмейді сөзі сені оқымай көңіл хошы.
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңде осы.
Кітап!
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.
(Жолдас Алуа)
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл, терең білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Кітап – ең сабырлы ұстаз, үндемес серік.
Кітабың – сенің құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адам.
(Адай Жанназ)
Кітап – Жеміс ағашы Әлімбаев Мұзафар
Көрдің талай аралап
Мәуелі жеміс бақшасын.
Тәттілерін таңдап ап,
Жемісін қайта өнер ме?!
Кітап та – алма ағашы
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін...
(Жұман Асылзада)
Кітап туралы мен не білемін?
1. Кітап – адамның жан - дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол – адамзат үшін ғасырдан ғасырларға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі.
(Мұсұлман Жарылғасын)
2. Әу баста сол рухани өлшем мен адам ақыл - ойының ажырамас тұнығындай болып көрініс тапқан кітап енді өзін оқыған, пайдаланған адамға да қызмет ете отырып, сол жанды да рухани тұрғыдан байытады, білім - білігін ұштайды, сенімді серігі, ажырамас досына айналады.
(Ғұбайдулла Дәнекер)
3. Замана легіне теледидар ілесті, қоғам көшіне ғаламтор иелік етті. Бұлар адамзат өміріне кітаптан кейін келген дүниелер еді. Бірақ бір қызығы, теледидар да, ғаламтор да кітаптың орнын алмастыра алып кете алған жоқ. Оқырман санын кемітті деген сөз алмастырды деген сөз емес. (Мерейұлы Әбдірахман)
4. Кітап өзінің әу бастағы тұғырында қала береді. Мысалы, адам тұрақты теледидар қараушы немесе адам белсенді ғаламтор қолданушысы болып келуі мүмкін, бірақ оның жан - дүниесінде рухани тұрғыдан кемшіндік болуы да ғажап емес. Мұның жалғыз ғана себебі оның нашар оқырман болғандығында да жатуы мүмкін. Себебі басты рухани байлық – кітапта. (Смағұлұлы Сайфуддин)
5. Кітап сонымен бірге ақпарат пен техника дәуірі, жаңа технологиялардың заманында да бірден - бір білім беруші құрал ретінде қала береді. Кітап ғаламтордан уақыт тұрғысынан алғанда ұтылуы мүмкін, бірақ адамға дайын ақпараттарды ұсынушы емес, терең сезімге, өзіндік ойлауға үйрете отырып, білім береді. Адамды ізденімпаздыққа жетелейді, ой - өрісін ұштайды.
(Кайболдиев Мадияр)
6. Сонымен бірге кез келген қызметкердің, соның ішінде мемлекеттік қызметкердің шешендік өнеріне де, аудиторияны өзіне қарата, тарта білуіне де кітаптың көмегі өте зор. Өйткені ол – тіл байлығын қалыптастырушы құрал.
(Сайпадин Елдос)
7. Осымен бірге кітаптың тәлім - тәрбиелік, имани құндылықтарды адам бойына сіңіре алатындай қасиеті теледидар мен интернеттен жоғары тұрмаса, кем тұрмақ емес. Демек, кітап – бүгінгі күн тұрғысынан алғанда да маңызын жоймаған дүние.
(Оспанов Альтаир)
14 - ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні. Адамдар өз кітаптарын балаларға, кітапханаларға, балалар үйлеріне, ауруханаларға сыйлайды екен.
3 - наурыз Бүкіләлемдік жазушылар күні екен. Бұл күні жазушы және ақындармен кездесулер, түрлі көрмелер және конкурстар ұйымдастырылады. Ал сен жазушы болуды армандадың ба?
2 - сәуір Халықаралық балалар кітабы күні. Бұл күн бекерден бекер таңдалмаған, себебі бұл күні балалар жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туған күні. Оның «Түймеқыз», «Ұсқынсыз үйрек» ертегілерін білеміз.
Қызықты деректер:
Ежелгі Ассирия мемлекетінде Ашшурбанипал деген патша өмір сүрген. Оның кітапханасында саздан жасалған кітаптар болған. Бірде патша сарайында алапат өрт болып барлық жиған тергені өртенген, тек қана кітаптары аман қалған екен.
Кітап бетін қайың қабығынан әбден өңдеп алып жазған. Жазатын құралды сүйектен немесе темір өзектен жасаған және оны жазғыш деп атапты.
Кітаптардың көлемі туралы айтайық.
Англияда өткен ғасырда ең үлкен кітап табылды. Оның биіктігі екіқабатты үймен тең болды, ал әріптерінің биіктігі 15 сантиметр, көзіңе елестетіп көрші.
(Оразбай Нұрғиса)
Венгрияда шыққан кітаптың биіктігі 4 метр, салмағы 1452 килограмм болған. 2010 жылы мамыр айында «Гиннестің рекордтар» кітабына енген екен.
(Шығанбай Айсәуле)
Ең кішкентай кітап Жапонияда басылып шыққан екен. Ұзындығы 0. 75 мм, ал әріптері — 0. 01 мм, сондықтан оны тек микроскоппен оқи аламыз екен.
(Бақытбай Алина)
Кітаптың тағы бір түрі электронды кітаптар шығып жатыр. Соңғы онжылдықты электронды кітаптар көптің сұранысына ие болып отыр. Ауызекі тілді оны сандық кітап немесе оқылмақ дейді екен. Ең алғашқы электроны кітапты америкалық Майкл Харт 1971 жылы ойлап тапты. (Асан Гүлсезім)
Прогресстің дамығаны соншалық қазіргі кітаптың аудио түрі де шықты. Оқымайсың, тек тыңдайсың екен. Адамның жасаған ең керемет дүниесі кітап екеніне еш күмән жоқ.
(Аманқұл Жаннұр)
Қызықты деректер:
Ғылымда кітап ұрлаушыларды библиоклептоман деп атайды. Дүниедегі ең атақты кітап ұрысы – Стивн Блумерг. Ол 270 кітапханадан 23000 жуық таңдаулы шедевр кітаптарды ұрлаған. Оның кітапхана қорының құны 20 млн доллардан асып жығылады.
(Әбдіраш Меңтай)
Дүниедегі ең үлкен сөздік «Неміс сөздігі», мұны Яков ва Вильгельм Гримм 1854 жылдан бастап құрастыра бастаған. Бұл іске кейіннен көптеген ғалымдар үлес қосып, 1971 жылы сөздік жазылып бітеді. 33 томдық бұл сөздік 34519 беттен тұрады.
(Бакытова Аружан)
Әлемдегі ең атақты жазушылардың бірі һәм бірегейі – Агата Кристи. Оның детективті хикаялары 50 - ден астам тілдерге аударылып, әлі күнге дейін оқылым тақтасынан түспей келеді. Кристидің кітаптарының басылым сана 2 - млдтан асады.
(Марат Айназ)
Дүниедегі ең мәшһүр кітап кейіпкері Наполеон. Ол жайында мыңнан астам әртүрлі жанрдағы кітаптар жазылған.
(Худайберген Айсезім)
Адамдардың 95% минутына 210 сөз оқиды. Ал 2 минутта 1, 5 бет оқиды. Оноре де Бальзак жарты сағатта 200 бет оқыған.
(Муса Сафия)
Баланы оқуға қызықтыратын ең оңтайлы уақыт – 4 - 6 жасар кезі екен. Баланы 7 жасынан бастап оқуға баулу көп қиындықтар тудырады. Оқырмандардың кқпшілігі кітаптың 18 - бетіне келгенде - ақ қызығушылығын жоғалтып алады.
(Өтеп Медина)
Дүниедегі ең қымбат шығарма Леонарда до Винчидің өз қолымен көшіріп жазған «Лейчестер кодексі» кітабы екен. Оны «Майкрософттың негізін салушы Билл Гейтс 1994 жылы Нью - Йорктағы «Сотбис» аукционында 30, 8 млн долларға сатып алған.
(Сайлау Аршат)
Қазіргі таңда әлемдегі ең үлкен «Бұл Мұхаммед (с. ғ. с.)» деп аталады. Оның салмағы 1, 5 тонна шығады. Кітап 429 беттен тұрады. Оны 9 ай бойы 50 адам жасап, 2, 7 доллар жұмсаған.
«Кітап – алтын қазына»
- Сара Бактыбевна
- 20 наурыз 2024
- 495
- 0
- 0
Ілмек сөздер: кітап туралы мағлұмат беру, тәрбие сағаты кітап жайлы
Ұқсас жаңалықтар:
Кітап асыл қазына
Кітап – адамның жан - дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі....Кітап туралы мақал-мәтелдер
Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол. Кітап - алтын қазына....Кітап туралы жұмбақтар
Қабат - қабат қаптама, ақылың болса таптама. Ұзын - ұзын ұсқауын, Ұзынына кім жетер? Шұбар ала күйкентай, Шұбарына кім жетер? Кітап...Кітап - достық елшісі
Балалар, бұл жол басы даналыққа, Келіңдер, оқып байқап қаралыққа. Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, Соларды көре тұра қалалық па? Даналық – өшпес...Кітап - білім бұлағы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.