Мұғалім: Жұмабайқызы Жайдаркүл
Тәрбие сабақтың атауы: «Бүгінгі шақ және болашақ: әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ» атты Дүниежүзілік сабақ
Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында баланың тұлғалық маңыздылығы мен қадір - қасиетіне деген сенімді дамыту, баланың тұрмыстық жағдайын жақсартуға үлес қосуды нығайту, баланың әл - ауқаты мен қорғанысына қатысты әлеуметтік және құқықтық қағидаларды қалыптастыру.
Мерекелік іс - шаралардың дамыту және үйрету мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің өздеріне тиесілі ерекше қорғалу және көмек алу құқықтарын сезінуіне, мемлекет пен әрбір азаматтың әр адамның тағдыры, Отанымыздың қауіпсіздігі мен болашағы үшін өзара жауапкершілігін сезінуіне жәрдемдесу. Тұжырымдаманы ратификациялау тарихын түсіндіру.
Күтілетін нәтиже
Сабақтың міндеттері: - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы туралы жалпы түсінік алу (БҚК);
- жаһандық мақсаттар мен Конвенция арасындағы тығыз өзара байланысты түсіну;
- барлық балалардың құқықтары сақталатын болашақты талқылау;
- өз құқықтары туралы айту және әрекет етуді бастау.
Психологиялық ахуал
Мұғалім түсіндірмесі 2019 жыл – Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы мен ратификациялауының 25 жылдығын мерекелеу жылы екенін хабарлайды.
Конвенция – бірегей халықаралық балалар Конституциясы. Бұл халықаралық құжат тек бала құқықтарының тізбесін ғана емес, ең алдымен балалардың экономикалық және әлеуметтік әл - ауқатын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет өзіне жүктеген міндеттемелерін білдіреді. Конвенция әлемнің 195 елімен ратификацияланған.
Балалардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған саясатты іске асырудағы маңызды қадам біздің еліміздің 1994 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев қол қойған тұңғыш халықаралық құжат - Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялауы болды.
Қазақстан Республикасында 5 миллион 944 мың 828 бала тұрады, оның ішінде 2 миллионнан астам мектеп жасына дейінгі балалар, 3 миллионнан астам мектеп жасындағы балалар, 570 мың оқушы жастар. Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді
Қызығушылықты ояту Шеңберде тұрып бір бірінің қолына сәлемдесу арқылы тілек айту
• Мен бақытты баламын
• Мен бастық боламын
• Мен білімдімін
• Мен баймын
• Достарым көп Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану Әңгімелесу үшін қойылуы мүмкін сұрақтар:
1. Біздің еліміздің 30 тамызда атап өтілетін мемлекеттік мерекесі қалай аталады? Конституция күні
2. Конституция дегеніміз не? ҚР Конституциясы қашан және кім қабылданды? Конституция дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң. Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді.
3. Конвенция сөзінің мағынасы
Конвенция – бірегей халықаралық балалар Конституциясы.
Қазақстан Республикасында кім мемлекеттік билік көзі болып табылады? Халық.
Қазақстан Республикасындағы басқару нысаны: Президенттік.
Қазақстан Республикасы: унитарлы мемлекет.
Қазақстан Республикасы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік;
Қазақстан Президенті кімдерге ант береді? халыққа
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес халық атынан сөз сөйлеуге шыға алады: Президент және Парламент
Сергіту сәті «Ұланымын Отанның» өлеңі Оқушылар караоке өлең деп айтады
Ой толғаныс Топтық жұмыстар және ойындар ойнату. Тақырыпқа сай.
Үйге тапсырма Оқушылар өз мақсаттарын Мен – өмірге бақытты болу үшін келдім. Эссе
Кері байланыс
Бүгінгі шақ және болашақ
- ЖАЙДАР1978
- 12 қараша 2019
- 1727
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бүгінгі шақ және болашақ, Бала құқықтары туралы Конвенция
Ұқсас жаңалықтар:
Мен және менің құқығым
Балалардың құқықтық білімдерін жетілдіру; құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;...Менің құқығым және міндеттерім
Мақсаты: Баланың құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беру....Заңды білу – заман талабы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы №9 орта мектептің информатика пән мұғалімі Матеуова Жанаргүл Нұрымқызы...Барлық әлем мен үшін
Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу,...Мен және менің құқығым
Мақсаты: - оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.