Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер
Мақсаты: ер балаларды халықтық дәстүрді, әдет - ғұрыпты, тарихты қадірлеуге тәрбиелеу, ұлтжандылық, патриоттық сезімдерге баулу, танымын байытуға, мықты болуға талпындыру.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер
Жоспары: 1. Сайыскерлердің өзін - өзі таныстыруы
2. Спорттық сайыс
3. Білім сайысы
4. Өнер сайысы
5. Шешендік өнері
6. Тапқырлық сайысы
Сегіз қырлы, бір сырлы
Барысы:
1 - жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті халайық!
2 - жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
1 - жүргізуші: Қош келдіңіз, құрметті көрермендер!
Әрдайым қуанышқа кенелгендер.
Бастайық, кешімізді рұқсат болса,
Бәріңіз тамашалап көріңіздер.
2 - жүргізуші: Сіздерді «Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер» атты ашық тәрбие сағатын көріп тамашалауға шақырамыз.
1 - жүргізуші: Біздің бұл тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Сайысымызды бастамас бұрын мен сіздерді әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.
2.
3.
2 - жүргізуші: Енді бүгінгі сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Жалпы сынақ түрі алтау:
1. Сайыскерлердің өзін - өзі таныстыруы.
2. Спорттық сайыстар.
3. Білім сайысы.
4. Өнер сайысы.
5. Шешендік өнері.
6. Тапқырлық сайысы.
1 - жүргізуші: Нағыз жігіт қорған болар халқына,
Нағыз жігіт берік болар антына.
Нағыз жігіт жалғастырып дәстүрді,
Адал болар ата - баба салтына.
2 - жүргізүші: Иә, бүгін мектеп партасында отырған ұл бала – ертеңгі жігіт, ер азамат. Ал азаматтың жүгі ауыр, себебі «Мен қазақпын» дейтін азамат өзінің шыққан тегін, кіндік кескен ата жұртын қастерлеп, жеті атасын жадында тұтуы шарт. «Жеті атасын білген ұл жеті рулы елді біледі»деп қазақ тегін айтпаған.
1 - жүргізуші: Өткенімізді қарап отырсақ, ел бастаған көсем де, ділмар шешен де, ақиық ақын да, ел қорғаны батыр да осы жігіттерден шыққан.
2 - жүргізуші: Иә, алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан, туыстық желіні үзбеген, береке - бірлікті бұзбаған, «қыздың жолы жіңішке» деп қарындасын хан көтеріп сыйлай білген де қазақтың қара домалақ ұлдары.
1 - жүргізуші: Алдарыңызда бойларында қазақ жігітіне тән қасиеттің бәрі бар 6 «Ә», 6 «Б» сынып жігіттері.
2 - жүргізуші: Бәйге қуып серілер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен жігіттер кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін!
Таныстырсын өздерін,
Тамылжытып сөздерін.
Сайыскерлердің өзін - өзі таныстыруы
1 - жүргізуші: Таныс болдық серілер тобыменен
Туып - өскен мекені, еліменен.
Серілердің бәрі ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең,- дей келе әділқазы төрелерден таныстыру бөлімінің бағаларын сұраймыз.
(2 - жүргізуші әділқазылардың берген бағаларын айтып шығады)
2 - жүргізуші:, ең әуелі бұлардың мықтылығын байқап көрейік! Елдің туын көкке көтерер ер деген епті, жау жағадан алғанда қасқайып қарсы тұрар батыр, мықты, құралайды көзге атқан мерген әрі шапшаң болуы шарт қой!
1 - жүргізуші: Дұрыс айтасың, Олай болса көрейік.
Спорттық сайыстар
1 - жүргізуші: Тамаша! Біздің жігіттеріміздің бәрі күшті, мықты екендіктерін көріп, қуанып тұрмын.
2 - жүргізуші: Ия, біздің жігіттер жарады. Мықтылықтары мен ептіліктеріне қазылар алқасы қандай баға берер екен?
1 - жүргізуші: Құрметті, қазылар алқасы, бағаларыңызды көрсетіп жіберсеңіздер (бағаларын айтып таныстырады).
2 - жүргізуші: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар!.. Әрине, жігіттің мықты болуы әбден дұрыс, бірақ болашақ білімді ұрпақтың ғана қолында емес пе,
1 - жүргізуші: Іздегенде табады
Ғылым - жұмбақ тау сындас,
Білім - өмір сабағы
Ғұмыр бойы таусылмас. Ендеше, жігіттердің білім деңгейі қандай екен, соны білейік,
2 - жүргізуші: Жігіттер, мұндағы ұяшықтардың бірін таңдап алып, берілген сұраққа жауап берулеріңіз қажет.
Білім сайысы
1 - жүргізуші: Байқадың ба, Біздің жігіттер білім сайысынан да сүрінбей өтті.
2 - жүргізуші: Ия. Ерболат ағамыз айтпақшы олар «біздің жігіттер ғой»! Ал енді біздің жігіттердің білімдеріне қойылған әділқазылардың бағаларына кезек берсек қайтеді. (Бағаларын сұрап, айтып таныстырады)
2 - жүргізуші: О заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған сайыстарға бірі - бірін.
Қарайық тамашалап жиылған жұрт,
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін.
Өнерпаз болсаң, өр бол! Ал, жігіттер, өздеріңді өнер сайысында көрсетіңдер!
Өнер сайысы
1 - жүргізуші: Өнер менен білімде
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде
Өзіндік дара үні бар,- дегендей, қазылар алқасына қай топтың өнері көбірек ұнады екен, қане көрейік! (бағаларын сұрап, айтып шығады)
1 - жүргізуші: Бұрын бабаларымыз қол бастаған көсем әрі сөз бастаған шешен болған.
2 - жүргізуші: Тоқта, тоқта, Байқаймын, сен жігіттердің шешендігін бе, көсемдігін бе сынағалы тұрған сияқтысың.
1 - жүргізуші: Дұрыс айтасың, Бұл жолы сайыскерлеріміздің дүниетаным кеңдігін, терең тіл байлықтарын сынға салайық.
2 - жүргізуші: Жарайды, онда жігіттер интертақтада берілетін сұрақтарға жауап берсін. Жігіттер, бұл жолы сіздерге білімділікпен қатар жылдамдықтың да қажет болатынын ұмытпаңыздар.
Шешендік өнері
1 - жүргізуші: Ақынға қара сөзден өлең оңай,
Балыққа таяз судан терең оңай.
Шешендер сөйлегенде жанды ерітіп,
Көңілімнің құсын ұстап береді оңай.
2 - жүргізуші: Шешен балалардың бағаларын көрейік.(бағаларын сұрап, айтады)
2 - жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма
Білім мен өнер жарысып,
Тәлім - тәрбие табар мән.
Бұл бәйге - ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға – сол алда!
1 - жүргізуші: сен енді жігіттердің ойларын салыстырғалы тұрмысың?
2 - жүргізуші: Ел басқаратын ер жігіт кез келген қиын сәттен шыға білуі керек! Сондықтан ойларының ұшқырлығын, тапқырлығын байқайық.
1 - жүргізуші: Демек, тапқырлық сайысын тамашалайды екенбіз де.
2 - жүргізуші: Жағдаяттан қалай шыққан болар едіңіздер? Ойласып жауап беріңіздер (өзі үлестіріп береді).
Тапқырлық сайысы
1 - жүргізуші: Қазылар алқасы балалардың тапқырлығын қалай бағалады екен, назар аударайық.(бағаларын сұрап, айтып таныстырады)
2 - жүргізуші: Би болады әрқашанда қыз барда,
Жылуынан жібір тіпті мұздар да.
Мың бұралып билегенде кім жетер
Биші, әсем, сұлу қыздарға?!
1 - жүргізуші: Қазылар алқасы жеңімпаз топты анықтағанша, қыздардың орындауындағы биін тамашалаңыздар.
1 - жүргізуші: Әзілімізді ұға алатын,
Қиындықта сыналатын,
Қыздарды сыйлай білетін,
Жөн сөзді тыңдай білетін,
Қырандай алғыр,
Сұңқардай өр,
Достыққа адал ұлдарымыз өнер - білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салған сайысымыз да өз мәресіне жетті.
2 - жүргізуші: Сайысты қорытындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің директорына және әділ қазылар алқасына береміз.
1 - жүргізуші: Көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет.
2 - жүргізуші: Сау болыңыздар!
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласы
№1 М. Әуезов мектеп - гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жазира Бимуратова
Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер
- ramuk_b
- 10 қараша 2019
- 4561
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер, тәрбие сағаты жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Жігіттің сұлтаны
Бүгінгі «Жігіттер сұлтаны» атты сайысымызға хош келдіңіздер! Енді сіздердің рұқсаттарыңызбен бүгінгі кеште өз өнерлерін көрсететін өнерпаздарымыздың...«Жігіт сұлтаны» сайысы
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды, Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды. Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын...Нағыз қазақ жігіті
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Қызылсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ташенова Амида Қонысбайқызы...Жігіт сұлтаны
Мақсаты: 1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру....Жігіт сұлтаны
«Жігіт сұлтаны» Мақсаты: 1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.