Сайтқа кіру Тіркелу

Тәуелсіздік белестері

Тәрбие сағатының мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жету жолындағы айшықты ісіне шолу жасап түсінік беру; Оқушылардың ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін арттыру, елін сүйетін ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Еліміздің туы, Елтаңбасы мен гимні, Отан, туған жер туралы нақыл сөздер, бүктемелер.
1 - Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі 9 - сынып оқушыларының дайындаған «Тәуелсіздік – ата – бабам аңсаған» тақырыбындағы тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
2 - жүргізуші: Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ - нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп - қонып өмір сүрген ата – бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.
(Сахнада әжесінің жанында немере қызы отырады.)
Немересі: Әже, атам ылғи «Сенің болашағыңды ойлаймын, өткен өмірімізді ойлаймын» дейді. Оның өткен өмірі қандай?
Әжесі: Е, балам, атаң, ата – бабаң не көрмеді дейсің? Қазір мен саған «қазақ тарихының бастан өткендерін айтып көрейін»
1 - Жүргізуші:
Тағзым саған,
Азаттық – арман жырым,
Дәлелдедің ділсіздің жалғандығын,
Ар – ожданы сақтардың – Тұмар ханша
Сонау сақ пен ғұндарда болған мығым.
І көрініс: Сақ жауынгері Елжас: Парсы патшасы Кирден сізге сәлемдеме келді. Ол өз сәлемдемесінде сізді өзіне тұрмысқа шығуға және елін өз игілігіне қосуға әмір етіпті. Бұған сіз қандай жауап бересіз?
Тұмар патша, Диана: Мәселе менің жеке өз басыма тіреліп тұрса, мен келісер едім. Ал халқымның тағдыры сынға түсіп тұрған жағдайда мен оның бұл тілегін қабыл алмаймын. Егер менің еліме тыныштығын бермесе, онда мен Кирмен кең далада өз елімнің тәуелсіздігі үшін армансыз шайқасатын боламын, керек десе қастандық ойлаған жауларды өз қанына бөктіремін.
Осыдан кейін де қазақ халқы тәуелсіздік жолында талай оқиғаларды басынан өткерді.
2 - жүргізуші: Қазақ хандығы ХV ғасырда, яғни 1466 жылы құрылды. Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен Керей мен Жәнібек хандар болатын. Сол кездегі билік иесі Әбілхайыр хандығынан бөлінген рулар Керей мен Жәнібектің қол астында топтасып қазақ халқының негізін құрады.
ІІ көрініс: Жәнібек: И. Бекзат: Біздің руымыз да, қанымыз да бір. Тағдырымыз ортақ. Міне қолым. Бір өзіңе әрқашан қызмет етуге дайынмын. Еш уақытта саған қарсы қылышымды қынабынан суырып көтермеймін.
Керей: Айдос: Ендеше, бауырым, тез қамдануымыз керек. Бала – шағамыздың, ағайындарымыз бен іні – қарындастарымыздың өміріне қауіп төніп тұр. Еліміз бен жерімізді қорғауға аттануға дайындалайық. Қазіргі жағдайда біз үшін бабадан мұра болып жеткен ата – мекеніміз қымбат. Аттан! Аттан!
Мөлдір: Қазақ халқының тағдыры неткен ауыр десеңші. Арада қаншама жылдар өтсе де қасіретті жылдар қазақ басынан бір кетпей – ақ қойды. Қазақ халқының басына енді жоңғар деген нәубет төнді. Жоңғарлар талай қазақтарымызды алып кетті. Жоңғар ордасы. Хан тақта отыр.
ІІІ көрініс: Уәзір: ( Әмөк ) Ләппай тақсыр! Қазақтар келіп тұр.
Хан: Кірсін! (Бір топ қазақтар кіреді.)
Хан: Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер? Айтатындарыңды айтыңдар да үйлеріңе қайтыңдар!
Қазыбек би: Біз қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт – береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Досымызды сақтай білген, дәм – тұзды ақтай білген елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ қарпысқалы келгенбіз. Табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желімсіз жабысқалы келгенбіз. Сен темір де мен көмір еріткелі келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұратын жеріңді айт.
Хан: Балам атың кім?
Қазыбек би: Атым Қазыбек, әкем Келдібек би, ұлтым қазақ, руым Қаракесек.
Хан: Ендеше даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын. (хан шапалақ ұрады.)
Хан: Қамаудағы қазақтарды босатыңдар!
Уәзір: Ләппай тақсыр!
2 – жүргізуші: Бұнымен де халық тағдыры түзеле қойған жоқ. Жоңғарлардың қысымына шыдамаған қазақ халқы ретінде сақталып қалудың жолын Ресейге қосылудан табылады деп сенді.
1 оқушы: Айдана
Дос та іздедім жау тисе болысатын,
Қыс қыстатып, жаз бірге қонысатын.
Еділ; Жайық, Ертісті сағаладым,
Үміт көрдім үрейлі орыс атын.
( Сахнада орыс патшайымы Анна Иоанновна мен қазақтың үш жүзінің хандары келісім жасасып жатқан көрініс)
Анна Иоанновна тақта отырады, жанында елшісі бар.
Әбілхайыр хан жасағымен патшайым алдында ант қабылдайды.
Әбілхайыр хан: «Мәртебелі Ресей патшайымы, аяулы ханым, барлық патшалардан да, елден ерек асып түседі. Шалғайда жүрген мен оның қайырым – шапағатын шын жүрегіммен сезініп келдім, сондықтан да өзіңіздің алдыңызда тәжім етіп, адал бағынатынымды паш етемін. Өзім, отбасым және қыран қанатының астында ұлы мәртебелі ханымның қамқорлығы мен құзырына алуына тілек етемін.»
1 – жүргізуші: Бұдан кейін Ресей империясы ҚАЗАҚ мемлекеттігін түпкілікті жоюды көздеді. Бұл өз кезегінде қазақ жерінің тұтастығын көздеген Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Исатай мен Махамбет бастаған кең ауқымды ұлт – азаттық қозғалыстарды тудырды.
2 – жүргізуші: ХХ ғасыр басындағы әлемдік ауқымда асқынған ұлт – азаттық қозғалысына ат салыса алатындай саяси күштер қазақ халқынан да табылады. Олар қуғын – сүргінге ұшыраған Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұстафа Шоқай тағы осы сынды арыстарымыз. Алаш азаматтары өз заманындағы әлемдік ұлт – азаттық қозғалысы көсемдерінің қай – қайсысымен де иықтас тұра алады. Қазақтың ғұмырындағы жазылмас дерт – осы ғасыр. Ұлт үшін ең ауыр азап – билік басына әліпті таяқ деп білмейтін, әпербақан большевиктер келген Кеңес өкіметінің концлагерлік жүйесі.
«Боздақтар монологі»
(Арыстар бейнесіндегі балаларды ұстаған әскерлер ортаға шығады. Атуға дайындап тұрады.)
ІV көрініс:
Әскер: Иә, соңғы сөзді кім айтады іштеріңнен?
Мағжан: Шыңғыс
Ей тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы,
Танимысың сен мені;
Мен қазақтың баласы.
Міржақып Дулатов: Даниял
Алыстан «Алаш» десе аттанамын,
Қазақты «Қазақ» десе мақтанамын.
Болғанда әкем – қазақ, шешем – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!
С. Торайғыров: Мадияр
Арғы атам – ер түрік;
Біз қазақ еліміз.
Алаш туы астында,
Куә болсын арымыз.
Көркейтуге Алашты
Құрбандық біздің жанымыз.
Тұрар Рысқұлов: Тұрар
Есіңде болсын бірақ та,
Торғай емес бүркітпін.
Кетпессің сен де ұзаққа,
Төлерсің құнын бүркіттің.
(Мылтық даусы естіледі.)
V көрініс:
1 – жүргізуші: 1941 жыл 22 маусым. СССР – ға тұтқиылдан неміс – фашист басқыншылары шабуыл жасады. Қазақ жастары лек – легімен соғысқа аттанды.
1 оқушы:
Мен Жамбылмын, жауынгер ер, жыр тілеген,
Қазған ормын дұшпанға ентелеген:
Мен туған ел қорғаны – жиырма сегіз,
Мен – Әлия, мен – Мәншүк, мен – Төлеген.
Минутым сол көз жасынан жасырмаған,
Азаткердің атын берді ғасыр маған.
Тіккенде Берлинде жеңіс туын,
Қуанышы сол күннің басылмаған.
Дей алмаймын өлікті азусыз әлі,
Дей алмаймын және одан аз у қалды.
Рейхстаг жырында ескертудей
«Қазақ» деген әйтеуір жазу қалды.
2 – жүргізуші: Қазақ халқының ең соңғы өліп – тірілу, біздің халықмыздың қайғы – қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылған еді.
VІ көрініс: - Қыздар, мен газет әкелдім
- Қане, не жаңалық бар екен?
- Пленум болыпты.
- Қонаевты орнынан алды дейді.
- Онысы несі?
- Колбин деген. Ульяновтан келіпті.
- Қазақтан – ақ біреу қойсашы!
(жастар шуласып кетеді де, «Менің Қазақстаным» әнін айтып ортаға шығады)
- Пленум шешіміне қарсымыз.
- Әр ұлтқа өз басшысы
- Колбинді әкетсін!
- Қонаевтың өзі сөйлесін.
- Біз Колбинге қарсымыз!
(ОМОН – дар келіп ұрып қуып таратып жатады)
1 - оқушы: Мадина
Қасқалдақ ұшып көлінен,
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен,
Қарғалар билік салған күн.
2 - оқушы: Анэля
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде;
Қайғыға халық батқан күн.
3 - оқушы: Мадина
Қақаған қыстың ызғары,
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қара көз қазақ қыздарын,
ОМОН - дар бастан тепкен күн.
4 - оқушы: Ерлік
Қариялар итке таланып,
Ер басын күрке шапқан күн.
Аппақ қар қанға боялып,
Қып – қызыл мұз боп жатқан күн.
5 - оқушы: Наргиза
Қайғы езіп елдің еңсесін.
Жаншыдау жанын батқан күн.
Енді қайтіп келмесін
Сол бір қарғыс атқан күн.
1 – жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсан күні 18 сағат 14 минутта біздің еліміздің тәуелсіздігін жария еткен ұлы заң қабылданды. Біз бақытты өмірдің есігін аштық.
1 оқушы: Сүйінші! Сүйінші! Ата – бабаларымыздың аңсаған арманына жеттік. Еліміз тәуелсіздігін алды. ( Қазақша киінген ұлдар мен қыздар сахнаға шығады. Екі әже шашу шашады)
2 – жүргізуші:
Қалса да қайда жерің, қайда көлің,
Қасқайып хақ жолынан таймап едің.
Айырылып күндіз күлкі, түнде ұйқыдан,
Күткенің осы еді ғой, қайран елім!
Ән: Самға орындайтын Өтепова Анэля
1 – жүргізуші:
Жиырма бес жыл – сері күн шалқығалы,
Ніл көгімде қыран құс қалқығалы.
Көк байрағын алашым желбіретіп,
Содан бері алмастай жарқылдады.
2 – жүргізуші:
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді сан ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.
Қазақтай ел қайда? Әнімен ортаңызда Жандәулет Абдулмүлік
1 – жүргізуші:
Тәуелсіздік! қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т – білдіреді теңдікті,
Ә – әдептілік, әлдікті.
У – уайымсыз уақытты,
Е – егемендік елдікті
Л – дейді лағып лепірме
С – сенімділік секілді ең
І – ілтипат пен ізет қой,
З – зиялылық тілек қой. Зумирхан
Д – шақырады достыққа, Диана
І – ілтипат пен ізет қой,
К – дейді күн боп көктегі..
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.
2 – жүргізуші:
Көз тойғысыз қазағымның жері бар.
Ну орманы, тау, өзені, көлі бар.
Қазағымның елін, жерін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Міне осындай егеменді еліміз,
Кең жазира, ұлан - байтақ жеріміз.
барлығы бірге айтады:
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
Хор: Көк тудың желбірегені
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ата бабам аңсаған - Тәуелсіздік

Ата бабам аңсаған - Тәуелсіздік

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Тәуелсіздік Декларациясы...
Тәуелсіздік бастауы желтоқсан

Тәуелсіздік бастауы желтоқсан

Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу....
Елім менің – еңселі!

Елім менің – еңселі!

Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәрбиеленушілерді отаның сүюге, байлығын қорғауға, әдет - ғұрпын...
Жайнай бер, тәуелсіз Қазақстан

Жайнай бер, тәуелсіз Қазақстан

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Смайлова Гулсима Зауегалиевна...
Желбірей түс, тәуелсіздік жалауы

Желбірей түс, тәуелсіздік жалауы

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп» коммуналдық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×