Сақтықта қорлық жоқ (Өрт қауіпсіздігі туралы)
Кіріспе
Балалар біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Сақтықта қорлық жоқ». От» деген сөзді қалай түсінесіздер? От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От – өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды. Оттың пайдасымен қатар зиянды жағы да жоқ емес. Қандай зияны бар?
«Өрт – тілсіз жау» атты бөлімімізде өрттің шығу себептері туралы айтамыз. Бұл тарауда сіріңке, темекі, үтік, газ суреттеріне не айта аласыңдар? (Өрттің шығу себептері.
Статистикалық мәліметтер келтіру.
1. Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;
2. Шырпымен ойнаса;
3. Үтікті қосып кетіп қалса;
4. Газды ашық қалдырып кетсе;
5. От шашуларды дұрыс пайдалану
Енді өрт қауіпсіздігіне арналған турнирімізді бастаймыз
1. Викториналық сұрақтар қойылады
1. Неге өрт сөндіру қызметінің номері 01 деп ойлайсыңдар?
есте қалуы үшін
2. Өрт оттан басқа несімен қауіпті?
түтінді адам ішке жұтса есінен танып қалуы мүмкін
3. Жаңа басталып келе жатқан өртті немен өшіруге болады.
одеяло құм су өрт сөндіру құралы
4. Өрт сөндіру қызметіне хабарласқанда қандай мағұлматтарды айту керек аты жөнің, мекен - жайың, не жанып жатқандығын,
5. Өрт кезінде лифтіні неге пайдалануға болмайды.
түтін лифті шахтасын жиналып қалуы мүмкін
6. Жасанды шырша жануы мүмкін бе.
жанады одан улы зат бөліп түтіндейді
7. Бенгаль от шашуын қалай қолдану керек?
шыршадан, жиһаздардан аулақ жерде, өзіңнен де ауаша ұстау керек
8. Қандай өртті сумен өшіруге болмайды
электр құрылғылары жанғанда.
9. Орман өрті несімен қауіпті
орман жойылады ондағы жануар зардап шегеді экологияға әсер етеді.
10. Неге құрғақ шөптермен жапырақтарды жағуға болмайды
өрт тез тарайды тұрғын үйлерге ди тиіп кетуі мүмкін.
Кім тез киінеді?
Екі командадан бір - бір баладан шығып белгілі бір уақыт ішінде киініп дайын болуы керек.
Жағдаяттық сұрақтар әр команда сұрақтар таңдап алады
1. Сен жалғыз қалдың.. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?
2. Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер. Сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады. Не істейсің?
3. Шылымының сөнбей қалған тұқылын көрдің, жердегі қураған шөп жана бастады. Мұндай жағдайда не істейсің?
5. Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін көрдің. Мұндай жағдайда не істер едің?
6. Қараңғы бөлмеге кіргенде газдың иісін сездің сенің іс әрекетің
Өрт туралы не білдік?
Тест
Әр командаға тест сұрақтары таратылады
1. Өрт бола қалған жағдайда қай номерге хабарлаймыз?
• 03;
• 02;
• 01.
2. Өрт сөндіргіштер келді, эвакуация жасады, енді кімге өрт туралы хабарлауыңыз керек?
• милиция;
• жедел жәрдем;
• көрші.
3. егер түн ішінде оянсаңыз бөлмеңізде түтін алып кетсе сіздің әрекетіңіз
• көмекке шақыру;
• төсектен түсіп есікке қарай еңбектеу;
• тұрып алып жүгіру.
4. егер өрттен шығу мүмкін емес болғандағы сіздің әрекетіңіз
• бөлмеге кіріп түтін кіретін жерлерін дымқыл шүберкпен бітеп қою, көмек күту;
• өрттен қалайда шығуға әрекет жасау;
• терезені ашу;
5. есіктің арғы жағында өрт болып жатса бер жағынан неге саңылауларын бітеуіміз керек?
• Өрттен болатын шуды азайту үшін;
• Бөлмеге түтін кірмеуі үшін;
• Бөлмеге ыстық кірмеуі үшін.
6. өрт сөндіру машинасы жаныңыздан өтіп кетіп, таяу бір жерге тоқтаса сіздің әрекетіңіз
• Өрт сөндірушілердің назарын өзіңізге аударту.
• Өртті өз күшімен сөндіруге тырысу.
• Өрт сөндіру қызметіне тағыда хабарласу.
7. жабық есіктің ар жағында өрт болып жатқанын қалай білуге болады?
• Есікті ашып қарау.
• Көмекке шақыру.
• Есікті ұстап көру.
Мақал - мәтелдер жарысы
Командалар өрт туралы, сақтану туралы мақал – мәтелдер айтып жарысады.
1. Отпен ойнама, күйерсің.
2. Ойын түбі – от.
3. Отын деген шөп болар,
Жинай берсең көп болар.
4. От жақпа - пісерсің,
Ор қазба – түсерсің.
5. Сумен ойнама – батарсың,
Отпен ойнама – күйерсің.
6. От пен су – тілсіз жау.
7. Өзі саққа құдай жақ.
8. Сақ жүрсең сау жүрерсің.
9. Сақтықты сұңқардан үйрен.
10. Жау жоқ деме – жар астында.
Бөрі жоқ деме – бөрік астында.
Кім жылдам?
Жағдай: Түтін толған бөлме
2 командадан бір - бір баладан шығып
Түтін толған бөлмеден қалай шығатындығын көрсетуі керек
Үстел үстіндегі дымқыл шүберекпен аузы мұрнын жауып жүресінен отырып жүру керек
«Басқатырмақ»
Командалар осы сөздің ішінен су, түтін, от, балта, оттегі, өмір, эвакуация, есік, терезе, бала, өрт сөндіру, сіріңке, күйік, газ, бригада, баспалдақ, дабыл, лифт сөздерін табулары керек.
Сақтықта қорлық жоқ
- nazym654
- 26 наурыз 2024
- 14008
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Сақтықта қорлық жоқ, өрт қауіпсіздігі ережесі, ашық сабақ сақтық ережесі
Ұқсас жаңалықтар:
Өндірістерде өрт қызметін ұйымдастыру. Өндірісте өрттің болу себептері
Өндірістік кәсіпорында, көлікте, және тұрмыстағы өрттер адамдар үшін қауіпті және үлкен материалдық шығын алып келеді. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз...Өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары
Тілсіз келіп, тұтқиылдан тап беретін жаулардың бірі - өрт. Соңғы кезде еліміздің бірқатар өңірлерінде жиі өрт шығып, қауіпсіздік шараларын сақтамау...«Өрт сөндірушілер» атты спорттық сайыс
Мақсаты: балаларға өрт қауіпсіздігін болдырмау, оттан сақтану жолдарын үйрету, оттың тілсіз жау екенін ұғындыру, топ арасында мейірімділік, достық...Өрт – тілсіз жау
Оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т. б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға...Өрт - тілсіз жау!
Балаларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.