Өзге тілді білемін өз тілімді сүйемін
Мақсаты:
• Балалардың қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру.
Өзге де тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Қанатты сөздер:
• «Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ».
Ш. Айтматов
• «Үш тұғырлы тіл - болашағымыздың ертеңі»
Құрметті балалар Тіл - халықтың жаны, сәні (Язык - душа народа). Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық тіл, ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.
1 бөлім. Аламан бәйге
1. «Қазақ хрестоматиясының» авторы Ы. Алтынсарин
2. Autumn қай мезгіл? Күз
3. «Екінші» сөзі ағылшынша қалай? Second.
4. Отан сөзінің орысша аудармасы? Родина
5. Семь қазақ тілінде айтылуы? Жеті.
2 бөлім. «Жеті жұрттың тілін біл»
(мақал ішіндегі белгілі бір сөздің үш тілде аудармасын айту керек)
1. Бала тілі - бал. ( тіл - язык - hanguage)
2. Еріншектің ертеңі таусылмас.( ертең - завтра - tomorrow)
3. Ақылдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз ( сөз - слова - word)
4. Ана тілің - арың бұл, ұятың болып тұр бетте. ( бет - лицо - face)
5. Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі - ортақ. (Қол - рука - hand)
3 бөлім. «Мақал - сөздің көркі»
1. В гостях хорошо, а дома лучше.
Өз үйің өлең төсегің.
East or West, Home is best.
2. Не все золото, что блестит.
Жылтырағанның бәрі алтын емес
A friend in need is a friend indeed.
3. Друзья познатся в беде.
Досыңның қандай екені басыңа іс түскенде білесің.
All that glitters is not gold.
4. Лучше поздно, чем никогда.
Ештен кеш жақсы.
Bad news travels fast.
4 бөлім. Қорытынды
Міне, балалар тіл - халықтың байлығы, қазынасы. Тілді таза ұстап, қастерлеп, құрметтеуіміз керек. Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгерейік. Ана тілін қадірлей отырып, өзге тілді білуге ұмытылу - уақыт талабы.
Жамбыл орта мектебі
Науырзым ауданы, Қарамеңді селосы
Өткізген: Рысмағанбетова Б. Ж.
Өзге тілді білемін өз тілімді сүйемін. жүктеу
Өзге тілді білемін өз тілімді сүйемін
- aiboll
- 21 қараша 2017
- 5820
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өзге тілді білемін өз тілімді сүйемін, тәрбие сағаты, тілді құрметтеу
Ұқсас жаңалықтар:
«Қызықты ағылшын тілі» вариативтік компоненті арқылы бала тілін ақпараттық ...
«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі -...Үштілділік-заман талабы
Мақсаты: Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу. Тіл біздің ертеңіміз, бабалардан қалған мұра екенін түсіндіру. Елбасымыздың үштілділік...Көптілділік – полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі
Көптілділік - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол...«Үш тілдің патшалығы» атты ойын - сауық кеші
Атырау қаласы, №1 Мектепке дейінгі авторлық гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі Э. И. Ибрагимова...Мемлекеттік тілді білу – парыз
Астана қаласы №43 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Рүстемова Бибіжан Мырзашқызы Деңгей: Бастауыш деңгей. Сабақтың тақырыбы:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.