Сайтқа кіру Тіркелу

Ана тілі-жүрек үні

Сабақтың тақырыбы: Ана тілі – жүрек үні
Мақсаты: Тілдің адамдар арасындағы қарым - қатынастағы, әлеуметтік орны туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- ана тілінің ұлттық құндылық ретіндегі ролін түсіндіру;
- оқушылардың жүрегіндегі ана тіліне деген мақтанышы, құрмет, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;
- ана тілін қастерлеп, құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу

Ө. Айтбаев «Ана тілі»
Ана тілі, ана сүтім, арым менің,
Сәулетім, сая бағым, сәнім менің.
Аспаным өзіңменен арайланып,
Нұрланып атар ылғи таным менің.

Өзге елмен сен арқылы теңесемін,
Кемеңгер, даналармен кеңесемін.
Ән айтып, өз тілімде сөз сөйлесем,
Шабыттың айдарынан жел еседі, - демекші бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы – Ана тілі – жүрек үні (мұғалім оқып бастағанда, баяу әуен қосылады)
І. Қызығушылығын ояту (ассоциация)
«Ана тілі» сөз тіркесіне өз ассоциацияларыңды ортаға салайық, балалар.
Әңгімелесу
1. Неліктен әр халықтың туған тілі «Ана тілі» деп аталады?
2. Жаңа ғасырда ана тіліне қандай талап қойылып отыр?
3. Көптілділік туралы не айтар едіңдер?

ІІ. Мағынаны ажырату
«Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін – Ұлы» деп Шыңғыс Айтматов айтқан екен... Сондықтан бүгінгі іс - шарамызды ана тіліне және жалпы тілдер онкүндігіне арнаймыз.

1 - топтың тапсырмасы: Шығармашылық жұмыс
Өз ана тіліміздің құдіреті жайында өлең шығару және сурет салу.
2 - топтың тапсырмасы: Интервью
Сұрақтарын оқушылар өздерін дайындап, пән мұғалімдерінен, жоғары сынып оқушыларынан және келген қонақтардан сұхбат алады.
3 - топтың тапсырмасы: Жоба
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» (бала тәрбиесінде ана тілін құрметтеу, оны сүе білу және дәріптеу үшін қандай тиімді жұмыс түрлерін жүргізуге болады)
Топтар ортаға шығып өз жұмыстарын қорғайды. Рефлексия

Мақал - мәтелдер сайысы
Алдарыңызда мақал - мәтелдер берілген, сол мақал - мәтелдерде түсіп қалған сөзді тауып, оны үш тілде айту керек.
1. Ананың сүті бой өсіреді, ананың тілі ой өсіреді.(тіл, язык, language)
2. Өнер алды - қызыл тіл.(қызыл, красный, red)
3. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады. (бас, голова)
4. Піл көтермегенді, тіл көтереді.(піл, слон,)
5. Тіл - өмір тірегі. (тірегі, опора,)
6. Ағаш көркі – жапырақ, Адам көркі – шүберек (ағаш, дерево,)
7. Кітап – алтын қазына (кітап, книга, book)
8. Тәтті өмірдің сұрауы қатты (қатты)
9. Дос бергенінің түсіне қарамас (түс, цвет, color)
10. Батар күннің, атар таңы бар (таң, заря)

ІІІ. Ой - толғаныс
Эссе жазу (Әрбір топ мүшелеріне «Ана тілі – жүрек үні» тақырыбына эссе жазу тапсырылады. Содан кейін әрбір топтан бір адамнан шығып, эссені оқиды).
«Галерея саяхат» стратегиясы

Қорытынды
Оқушылар ортаға шығып, Ш. Смаханұлының сөзіне жазылған Ә. Тінәлиевтің «Анамның тілі – аяулы үні» атты әнін орындайды.
Өмірге келдім,
Анамды көрдім.
Деді ол: «Жаным»,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай,
Бал тілін, әнін

Қайырмасы:
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – Ай, Күнім менің.
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.

Мектепке келдім,
Ұстазды көрдім.
Тыңдадым сөзін,
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі – аяулы үні.
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.
Қайырмасы:

Көңілге көрік,
Өмірге серік.
Әсем ән - жыр,
Қайрат, қуатым.
Сөйлесем мыңға,
Өрлесем шыңға,
Анамның тілі –
Асыл мұратым.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өзге тілді білемін өз тілімді сүйемін

Өзге тілді білемін өз тілімді сүйемін

Балалардың қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру....
Ана тілім – тірлігімнің айғағы

Ана тілім – тірлігімнің айғағы

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру. Өз тіліне, туған жеріне, Отанына құрмет көрсете білуге баулу....
Ана тілім – бабам тілі, өз тілім

Ана тілім – бабам тілі, өз тілім

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің мектепалды тобының тәрбиешісі: Маутова Злиха...
Ана тіліңді құрметте (тәрбие сағаты)

Ана тіліңді құрметте (тәрбие сағаты)

Атырау қаласы, Қ. Смағулов атындағы орта мектебі бастауыш сынып муғалімі Ислямгалиева Ардақ Тақырыбы: Ана тіліңді құрметте...
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (тәрбие сағаты)

«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×