СПИД – ХХІ ғасыр індеті. Сабақтың мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын - алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, 1 - желтоқсан - Халықаралық ЖИТС - пен күресу күніне арналған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер, яғни мемлекеттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі - халық денсаулығын нығайту.