WordPad құжатына суреттерді кірістіру. WordPad бағдарламасынан шығу
- 23 маусым
- 4115
- Информатика
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің
физика және информатика пәні мұғалімі
УМИРЗАКОВА НУРГУЛ ОНГАРБАЕВНА
Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің
физика және информатика пәні мұғалімі
УМИРЗАКОВА НУРГУЛ ОНГАРБАЕВНА
Сабақтың тақырыбы: WordPad құжатына суреттерді кірістіру. WordPad бағдарламасынан шығу
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға WordPad құжатына суретті кірістіруді және WordPad бағдарламасынан шығу туралы түсінік беру.
А) Білімділік мақсаты:
WordPad құжатына суретті кірістіру туралы толық мағлұмат беру. WordPad бағдарламасынан шығуды үйрету. Редактордың құрал – саймандарын дұрыс пайдалана білу және командаларды орындай алу қызметін меңгерту.
Б) Тәрбиелік мақсаты:
Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру. Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, компьютерде дұрыс отыра білуге тәрбиелеу
В) Дамытушылық мақсаты:
Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.