Қарасу елінде сайлау. Ел екі жік. Бір жағын бастап жүрген Құламбайдың немересі Берден. Екінші жағын бастаушы — Басығараның Әлімі. Басығара атқа мініп, ел тізгінін ұстағанда өлке бойындағы елде қарсы шығар, бетін қайтарар жан болмады деп Дәкең марқұм аңыз қылып отырушы еді.