Ғажайып сәуле
- 1 қазан
- 3986
- Бастауыш сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №100 орта мектебі.
Авторы: Саулебаева Ләззат Шакиқызы
санаты: бірінші
Білімі: жоғары
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға әңгімедегі жазушының айтайын деген ойын ашу, көрінбейтін адам, нейтрон, атом туралы мағлұматтар беру.
2.Оқушыларды шығармадағы деректерді салыстыра отырып талдауға дағдыландыру,қауымдасып жұмыс істеуге,өз ойларын,пікірін ортаға салуға,ұрлық істемеуге тәрбиелеу т.б.
3.Оқушылардың ой-өрісін арттырып,сөздік қорларын байытып,тіл байлығын кеңейтіп,шығармашылық қиялын дамыту.
Сабақтың типі:Білім мен іскерлікті игеру.
Сабақтың түрі:Дамытушылық сабақ.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап, сызба, кестемен жұмыс, салыстыру.
Сабақтың формасы:топпен,жалпы оқушылармен.
Сабақтың көрнекілігі:слайдтар;(Автор суреті,кітаптары, көрінбейтін адам,атом, нейтрон, сызба, кесте)