«Фразеологизм» термині әртүрлі типтегі бірнеше тіркестерді қамтиды. Олар: атауыш қызметінде қолданылатын идиомалар (ізін суытпай, ақ қарға) ауыз әдебиетінде қалыптасқан мақалдар мен мәтелдер және жеке адамдардың авторлық немесе белгісіз әдеби шығармалардан алынған, немесе ауызша айтылған қысқа нұсқалы нақыл сөздер.