Сөз жасам
- 27 сәуір
- 12255
- Қазақ тілі және әдебиеті
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Шаховское селосы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
Рияпова Толқын Алпысбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың сөзжасам тарауынан алған білімдерін пысықтап, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
Дамытушылық: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытып, ой шақыра білуге, жеке жұптасып, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілетін, ойлау қабілетін, қиялдарын дамыту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру;
Тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа, өз ойын айта білуге, сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, топпен жұмыс жасап, бірін-бірі тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;