Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі шекімелеу әдісі. Ерте заманда біздің ата - бабаларымыз шекімелеу арқылы үй - жихаздарын, зергерлік бұйымдарын, ыдыс - аяқтарын, қару - жарақ, белбеу, музыкалық аспаптарын, мал шаруашылығына арналған құралдарын т. б заттарын әшекейлеген.