Шекімелеу әдісі
Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі шекімелеу әдісі. Ерте заманда біздің ата - бабаларымыз шекімелеу арқылы үй - жихаздарын, зергерлік бұйымдарын, ыдыс - аяқтарын, қару - жарақ, белбеу, музыкалық аспаптарын, мал шаруашылығына арналған құралдарын т. б заттарын әшекейлеген. Бір сөзбен айтқанда, шекімелеу әдісі қазақтың тұрмыс тіршілігінде кеңінен пайдаланылған.
Ол үшін қаңылтырдан жасалатын бұйымның пішіні мен мөлшеріне сәйкес пластина кесіп алынады. Бедер салу жұмысы, негізінен, қаңылтырдың бетіне жүргізіледі. Бедерлеу жұмысын жүргізу үшін, бірінші кезекте металдың бетіне қажет суретті салып алу қажет. Қаңылтыр астына резеңке төсеніш салу қажет. Бұйымның бетін нүктемен, сызықпен бедерлеу тәсілдері дәл әрі алуан түрлі болып келеді. Қаңылтырдың бетін арнайы құрал - саймандардың көмегімен шекімелейді.
Мұндай құрал - саймандардың қатарына арнайы шекігіштер мен балғалар жатады. Балғалар мен шекігіштің түрлеріне байланысты олардың қызметтері де әр түрлі.
Халық шеберлері темірді, күмісті, алтынды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеу әдісін ерте кезден - ақ білген. Бертін келе олардың технологиясын жетілдіріп, тамаша бұйымдар жасаған. Мысалы, темірді бедерлеп құю мен өрнектеудің озық үлгісі Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі Тайқазан Алтыннан бедерлеп жасалған Алтын адам, республикамыздың тарихи - өлкетану мұражайларындағы зергерлік бұйымдар жатады. Болат темірден жасалған қару - жарақтар, Темірден жасалған үй мүліктерін күміспен батырмалап өрнектеу, жұқа қаңылтырдың бетін бедерлеп көркемдеу жұмыстары – осындай еңбектің жұмысы.
Халқымыз ағаш пен темір өңдейтін қолы епті адамды ұста дейді. Темір өңдейтін ұста арнаулы шеберханада жұмыс істейді. Оны ұстахана немесе дүкен деп атайды. Ал әсем бұйымдарын: білезік, жүзік, алқа, сырға, т. б. жасайтын шеберді зергер деп атайды. Зергер – темір мен құнды металды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеуші. Темір ұсталарына қарағанда зергердің құрал - саймандары кішілеу келеді. Халық ұста мен зергерді ісмер деп атайды.
Зергерлік өнерде металлдың өңін аша білу шеберлігі маңызды болып табылады. Белгілі бір қалыпқа түсіру үшін соққан кезде күміс күңгірттеніп кететін қасиетін білетін шеберлер оның үстіңгі бетін қайтадан бипазбен типылдау арқылы бастапқы жылтыр қалпына түсіретін болған. Бастапқы қасиетін келтірген соң майда нақыштармен шекімелеу тәсілімен өрнектеу күміске құлпырмалы түс беретін болған. Зергерлер күмістен жасалған бұйымдарға лағыл, сапфир, зүбіржат, гауһар, ақық сияқты асыл тастардан көз қондырып, әсемдей түскен. Бұл мақсатта түрлі түсті шынылар, басқа да әдемі рең беретін заттар да пайдаланылған. Әшекейлердің көбісі мерекелік салтанаттағы сәндену үшін ғана емес, әдет - ғұрып, наным - сеніммен де байланысты болғандықтан, кез келген әлеуметтік орта шама - шарқынша мұндай әшекейлерді тағуға тырысқан.
Шекімелеу әдісі
- мирманбек
- 15 ақпан 2016
- 5503
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шекімелеу әдісі, технология пәні бойынша сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Зергерлік және тігін бұйымдары
Алқа – омырауға тағатын көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сән, әсемдік, көркемдік бұйымы. Білезік – күмістен, алтыннан соғылатын, білекке салатын...Рухани жаңғыру. Шеберлердің құрал - жабдықтары
Рухани жаңғыру Шеберлердің құрал - жабдықтары ▪ Ара – ағаш, темір кесетін тісті аспап. ▪ Асқақ темір – бір аяғы ұзын, бір аяғы қысқа циркуль тәрізді...Ағашты бедерлеп ою
Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдай білу керек. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаштар пайдаланылады. Мұндай материалдың...Сәндік қолданбалы өнер
Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың сәндік қолданбалы өнер туындылармен таныстыру. Теориялық...Материалға белгі, бейне салудың әдісі
Қостанай облысы, Рудный қаласы "№7 орта мектебі" ММ технология пәнінің мұғалімі Өміржанов Сарсенбек Қаукнұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.