Табиғат – тал бесігің, аялай біл!
- 2 ақпан
- 6221
- Өзін-өзі тану
Қар кетіп жердің бері дегдей бастаған. Көктемнің жайма шуақ күні. Тау етегіндегі қалың ақ қайың орманын аралап серуендеп жүрміз. Зәулім ағаштың сала - сала бұтақтарын жапқан, жылқының жалындай жалбырап, төмен төгіле саудырап тұрған шыбықтары бұйра шашы секілді. Әр жеріндегі бітпегени жараның ауызындай қабыршықтар ағаштың сұлу сипатын бұзып тұр.