Міржақып Дулатов Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылында (қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қыз бел" ауылы) туған. Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі - Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған.