Құрақ үлгілерін компьютер көмегімен жобалап, бояп, сызып үйрену
- 6 мам
- 10989
- Технология
Крупская атындағы орта мектеп-балабақшасының
технология пәнінің мұғалімі
Саябаева Гүлғайша Жакеновна
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Құрақ үлгілерін компьютерге түсіріп, сызып, бояудың әдіс-тәсілдерін меңгерту,алған білімдерін компьютер арқылы көрсетуге, жинақтауға дағдыландыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен көрсетуге ықпал ету, сарамандық іс-әрекеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Өз халқының салт-дәстүрін құрметтей білуге, ұлтының ерекшеліктерін түсінуге, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.