Балалардың жыл мезгілдері туралы алған білімдерін, күзгі табиғат ерекшеліктері туралы, күз байлықтары туралы білімдерін тереңдету. Күз мезгілінің тіршілікке тигізер пайдасын өлең жолдары мен қойылымдар, ойындар арқылы сезіндіре отырып, ой - өрісін дамыту.
Күздегі ерекшеліктерді, Алтын күз – Золотая осень туралы түсінік беру, бақшадан жиналатын көкөністер жайлы айту. Көпірден өтіп, көкөністерді телевизордан көруге шақыру. Көкөністерді қазақ және орыс тілінде атау.
Күздің жайлы бір күні. Берік пен әкесі саяжайға келіп, жұмыс істеп жүргелі бірер сағаттай уақыт болды. Әкесі біресе бұтақтарды кесіп, біресе раушан гүлдерінің түптерін жауып, әлек болып жүр. Дәп бір қыс қазір келіп қалатындай асығуда.