Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті
№ 7 «Балдырған» балалар бақшасының әдіскері
Қалжанова Рахима СыдыққызыМектеп жасына дейінгі балалардың зейіннің әртүрлі қасиеттерін
зерттеуге арналған әдістемелер.
Мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында көптеген ұқсастықтар бар.
Егер сәбилік шақтың өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі шақта мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделене және жетіле түсуі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі шақта қалыптаса бастайды