Алтын күз
- 18 сәуір
- 8033
- Қазақ тілі және әдебиеті
Қызылжар ауданы
Шаховское орта мектебі
Қазақ тілі пәні мұғалімі Жанмұқанова Сәбмра Жасұланқызы
Сабақтың тақырыбы: Алтын күз..
Мақсаты:
1. Білімділігі: Жыл мезгілдері туралы жалпы түсінік беріп,оларды бір- бірінен ажырата білу ,білім деңгейін көтеружан- жақты білім беру;
2. Тәрбиелігі: Қоршаған ортаны қорғай білуге, табиғатты сүюге,мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру;сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу;
3. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын молайту , байыту, өз ойын жетізуге қазақ тілінде сөйлеу білу, жүйрік ойлау қабілеттерін дамыту;
Бұл сабақ 2 сыныпқа арналған. Бұл сабақ оқушыларды қазақша сөйлеуге, пікір алысуға, оқып- жазуға дағдыланады. Қазақ тілі сабағында оқушыларға ауызекі сөйлеуге көп көңіл беремін. Слайдтар арқылы , суреттер бойынша оқушылар әңгіме құрастырады, өз ойларын жеткізе біледі.Тілді меңгеру, сөздік қорын байыту, сөйлем құрай білу, сөздерді өзара байланыстырып, әңгіме құрай білу – сабақтың басты мақсаты.