"Сандар сыры"
- 23 сәуір
- 16083
- Бала-бақша
Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған»
балалар бақшасының тәрбиешісі:
Серікбаева Клара Тоғамысқызы
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Математика
Тақырыбы: «Сандар сыры»
Мақсаты: 7-ге дейінгі сандарды тура және кері ретімен қоя білуге, сандардың таңбаларын танып ажыратуды, геометриялық пішіндер мен денелерді, олардың түстерін ажыратуды ойын арқылы жетілдіре түсу.
Ойлау, көріп - тану, зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тіл байлықтарын және сөздік қорларын байыту.
Тапқырлыққа, ептілікке, жылдамдыққа, достыққа тәрбиелеу. Халықтық педагогиканы ұштастыра отырып халқымыздың киелі 7 санына деген ұғымдарын кеңейту. Ұжымдық іс-әрекетке баулу.