Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі
- 27 сәуір
- 16612
- Қазақ тілі және әдебиеті
№266 мектеп - лицейдің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Утеулиева Сағыныш Мұхитқызы
Мақсаты
Оқушылардың білім деңгейін көтеру.Ана тілі – қазақ тілінің мәртебесін көтеруге ұмтылдыру. Мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қоғамдағы алатын орны, қолданысы мен бүгінгі жай-күйі туралы мәлімет бере отырып, грамматикалық сауаттылықтарын шыңдау, жеке тұлғаның ой - қабілетіне әсер ету арқылы оқушыларды өздігінен жұмысқа баулу, сөйлеу шеберліктерін, тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, ойлылыққа жетектеу, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, ой шақыру, топтық, түсіндірмелі,
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, кітап, сурет
Техникалық құрал: Интерактивті тақта