Кесте – қазақ халқының көнеден келе жатқан қолөнерінің бір түрі. Ол сан ғасырлар бойына халқымыздың көркем қиялы мен шеберлік құдіреті бейнеленген асыл қазынасы, сарқылмас мұхиты. Дана халқымыз, «кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды» - деп қорытқан.