Бір шыншыл мен бір суайт жүретұғын жолы бірге болғандықтан, жорықтас болып жол жүріп келе жатып көрген әңгімесі. Шыншыл қайда барса, сөзінің шындығы төрге отырғызып, ішпегенін ішкізіп, жемегенін жегізіп, ел көзіне сүйікті көрсетеді екен де, ілгері баса береді екен.