Республика дәуіріндегі Рим
- 23 қараша
- 10428
- Тарих
Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ
Тарих пәні мұғалімі Бибосынова Алтынгүл Елтайқызы
Ежелгі дүние тарихы
6 сынып
Тақырыбы:«Республика дәуіріндегі Рим»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі Рим мемлекетінде республикалық құрылыс орнауының тарихи алғышарттары мен маңыздылығы туралы және соғыстардың сипаты, себептері мен нәтижелері жөнінде, қоғамдағы әлеуметтік топтар туралы және олардың тыныс тіршілігі, мәртебелері жөнінде оқушыларға ғылыми түсінік беру.
Дамытушылық: Рим республикасының әлеуметтік саяси құрылысындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды, әлеуметтік топтар арасындағы өзгешеліктерді өзге мемлекеттермен салыстырып, ажырата білу.
Тәрбиелік: Республикалық билеу формасын, халықтық билікті сипаттай отырып, оқушыларды әділеттілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.