Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихында Орынбор қаласының алатын орны ерекше. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ халқының саяси тағдыры шешіліп, ұлттық тұтастық пен мемлекеттік басқару жүйесінің негізі қаланған кезеңде бұл қала маңызды тарихи міндет атқарды.