Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз таптарының бірі зат есім жайлы түсіндіру. Тапсырмаларда берілген сөздердің зат есім екенін дәлелдеуді, тіл дамыту жаттығуы арқылы шағын әңгіме құрауды, оқушылардың өздеріне ереже құрастыруды үйрету.
Тәрбиелік: Мақалдардың мағынасын түсіндіре отырып, оқушыларды Отансүйгіштікке, шешендікке, батырлыққа, білімді болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: СТО әдістерін пайдалана отырып, оқушыларды жан - жақты, терең ойлауға, шығармашылықпен жұмыс жасауға қалыптастыру