Баяғы қазақ: «Жолаушы үйден қырық қадам ұзап шыққасын-ақ басына мүсәпірлік түседі» депті. Кім біледі, қазіргідей алдында алақанын тосып, ас-суын әзірлеп күтіп тұрған қонақ үй болмағасын сыбай-салтаң шыға қалған салт атты жолаушы үйінен қырық қадам ұзап шыққасын күні мүшкіл болса болатын да шығар.