Антропогенетика – адам генетикасын зерттейтін ғылым. Бұл зерттеулерді жүргізгенде көптеген қиындықтар туады. Олардың негізгілері: адамға арнайы тәжірибе жүргізуге болмайды; тіршілік жағдайларын біркелкі ету мүмкін емес; оларды бір - бірінен ажырату қиын. Осы жағдайларға қарамастан адам генетикасын зерттеу соңғы кездері жақсы дамуда.