Тіл - ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі. Тіл – табиғаттың адамға берген сыйы. Тілсіз қоғам болмақ емес. Тіл тағдыры – ұлт тағдыры. Ұлтымыздың бүгіні мен ертеңі, болашағы ана тіліміздің даму деңгейіне байланысты. Ана тіліміз талай ауыр ғасырды басынан кешірген. Халқымыз тілін аттың жалында. түйенің қомында жүргенде де жоғалтпады.