Сайтқа кіру Тіркелу

Құстарды мүсіндейміз

Бейнелеу 2 сынып
Тақырыбы: Құстарды мүсіндейміз.
Мақсаты: а) Оқушыларға жалпы құстар туралы, олардың тіршілігі мен пайдасы туралы түсіндіру.
ә) Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
б) Оқушылардың танымдық, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілетін дамыту. Құстардың
мүсінін ермексаздан жұмыс істеуге меңгерту.
Түрі: топпен жұмыс.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап.
Көрнекілігі: құстар суреті, ермексаз, слайдтар, көрме ұйымдастыру.
Жүру барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ.
4. Ермексазбен жұмыс.
5. Топтық тапсырмалар.
6. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер.
7. Қорытындылау, бағалау.

Оқушылардың назарлары сабаққа аударылады.
Үй тапсырмасын тексеру.
Орманның пайдасы туралы түсінік.
Сөзжұмбақ шешу.
1. Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап. (қаз)
2. Жаздай концерт береді.
Көктемде ұшып келеді. (бұлбұл)

3. Жақыннан да, алыстан да,
Бәрі ұшқан да, әрі ұшқан да,
Құртты шоқып тауысқан,
Санитар бұл не? (сауысқан)
4. Сирағы ұзын, тырнағы ұзын.
Балықты үзбей,
Ұстайтын шоқып,
Тұмсығы бірдей. (тырна)
5. Садақша мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйсінтіп,
Жердегі құстың серкесі,
Көктемгі құстың еркесі. (аққу)
6. Қызыл бұжыр айдары бар,
Қоқиланған айдары бар,
Ауық-ауық азан салып,
Өңеш көрген айқайы бар. (қораз)
(Сабақтың тақырыбы сөзжұмбақты шешкенде шығады)
Қаз, бұлбұл, сауысқан, тырна, аққу, қораз

Қазақстанда құстардың 600 түрі бар. Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі –жемнің азаюы. Күн салқындап, құрт-құмырсқа тығылып қалғанда, олар топтала ұшып, лек-легімен жылы жаққа кете бастайды. Ал көктемде қайта оралу себебі - ол жақ ыстық болғандықтан жұмыртқалар шіріп кетеді де, ұрпақ өрбіте алмайды. Енді міне қанатты достарымыз қайта оралып жатырса, біз не істеуіміз керек ?
- Балалар. Оларға жем шашып, қамқор боламыз.
Олар өсіп тұрған жасыл желек ағаштарымызды зиянды жәндіктерден қорғайды.
- Балалар, құстар әртүрлі сайрайды. Осы құстар сайрағанда ана құстар баласымен сөйлеседі, ән айтып береді.
Егерде бастарына қауіп төнсе, аналары шырылдап, ерекше дауыс шығарып, құстар ұясына, жанына жақындаса, құстар топтасып қуады. Құстар дала құсы, жыртқыш құстар, үй құсы болып бөлінеді.
Құстардың ортақ қасиеті: қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, шоқиды.
Айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды.
Пайдасы: Олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды.

Оқулықпен жұмыс:
Берілген үлгіні көрсете отырып, құстарды ермексаздан мүсіндеп жасау. Ермексаздан берілген үлгіге қарап, тиянақты түрде орындау.
Есіңе сақта !
• Туған жерге оралып, ұяға жайлы орын іздеген құстарға көмек көрсет.
• Ұядағы балапанды қолмен ұстауға, қорғауға болмайды. Олай істесең, енесі ұяны тастап, балапандарына жоламай кетеді.
Құстарға мінездеме беру.
Бүркіт - қыран құс.
Аққу - сұлу құс.
Сауысқан – қорқақ құс.
Көкек - мақтаншақ құс.
Тоқылдақ - орман дәрігері.
Сұңқар – қырағы құс.
Түйеқұс - үлкен құс.
Пингвин - жүзгіш құс.

Сергіту сәті.
Оянып бар табиғат ұйқысынан.
Жадырап құтылғандай құс қамынан.
Көктемді шуға бөлеп, әнге ораған.
Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.
«Артық сөзді тап» ойыны.
*балық, сазан, көгершін.
*Орындық, үстел, сауысқан.
*сиыр, түйе, қарлығаш.
Оқушылардың ермексаздан жасалған құстардың мүсінін тексеру, мадақтау.

Қорытындылау.
Қымбатты оқушылар! Көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алып, қамқор болайық. Әрқашан аспанымыз ашық болсын деген ниетпен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×