Сабақ: Өнер
6 бөлім «Дәстүр және фольклор»
Тақырып:
«Музыкалық аспаптарды безендіру» Мектеп: Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Таңатаров Н. Т.
Сынып: 1г
Қатысқан оқушылардың саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Оқыту мақсаты 1. 2. 3. 1. Қарапайым тәсілдермен материалдар және компоненттерді өлшеу, қию, белгілеу, формасын келтіру, жинақтау, қосу, біріктіру
1. 2. 4. 1. Материалдар мен құралдарды қолдану үшін қауіпсіз тәсілдерді анықтау
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:
• Музыкалық аспаптарды безендіріп үйренеді
• Қазақ музыкалық аспаптарын безендіру үшін қолдағы материалдар мен құралдарды пайдаланады
Оқушылардың көпшілігі:
• Қолдан жасалған музыкалық аспаптарды безендіру үшін қолдағы
материалдарды тиімді пайдаланады;
• Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, жұмысты ұқыпты жасайды
Кейбір оқушылар:
• Бөлшектерін қосу және мен дизайны жағынан айрықшаланатын музыкалық аспаптарды жасай алады;
Жетістік критерийлері • Жеке дара музыкалық аспапты безендіріп үйренсе;
• қолдан жасалған музыкалық аспаптарды безендіру үшін қолда бар материалдарды тиімді түрде қолданса;
Тілдік мақсаттар Оқушылар:
Неліктен осы музыкалық аспаптарды таңдағаны, бұл аспап үшін қолдағы бар құралдарды қалай қолданатыны туралы түсіндіре алады.
Олар өткен және жаңа негізгі сөздерді, әзірлеу барысында терминдерді пайдаланады, мәселен, ішекті, ұрмалы, шулы музыкалық аспаптар.
Диалог үшін пайдаланатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар:
• аспапты безендіру үшін қандай материалдар мен құралдарды
қолдандың?
• Безендіру дегенді қалай түсінесің?
Алдыңғы білім Альбомда музыкалық аспаптарды суретке салу. Музыкалық аспаптарды қолда бар материалдармен жасау.
Жоспар
Сабақтың кезеңдері Сабақта жоспарланған іс - шаралар
Сабақтың басы:
5 мин
Оқушылармен амандасу.
Балалардың көңіл - күйлерін сұрау
Өткен сабақ та қандай тақырып өткенімізді еске түсіру.
Оқушылар өткен сабақтың тақырыбын айтады.
• Балалар сендер қандай аспап жасадыңдар?
• Неліктен дәл осы аспапты таңдадың?
• Осы аспапты жасау үшін қандай материалдарды пайдаландың?
Бүгін сол аспаптарымызды безендіреміз
Мұғалім:
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Музыкалық аспаптарды безендіру» деп аталады
Мақсаты:
• Музыкалық аспаптарды безендіріп үйрену
• Қазақ музыкалық аспаптарын безендіру үшін қолдағы материалдар мен құралдарды тиімді пайдалана алу.
Жұлдызшалар, смайликтер, Алтын түсті жұлдызша.
Қосалқы материалдардан жасалған музыкалық аспаптар. Музыкалық аспаптардың иллюстрациясы. Компьютер
5 мин
Мұғалімнің оқушыларды сабаққа қызықтыруы.
Балалар бүгінгі сабақта жақсы жұмыс жасағандар, мына критерилер бойынша бағаланасыңдар:
1. Аспапты әдемі безендірген
2. Сұрақтарға жақсы жауап берген
3. Сұрақ қоя алған
4. Жұмысты уақытында аяқтаған
5. Өз жұмысын түсіндіре алған
6. Бағалауға белсене қатысқан
Осы критерилерге сай жұмыс жасағандарыңа смайликтер беремін және сабақ соңында марапатқа ие боласыңдар.
5 мин
Негізгі бөлім
Бүгінгі сабағымыз музыкалық аспапты безендіру.
Балалар, « Безендіру» дегенімізді қалай түсінеміз?
Оқушылар жауабы:
Мұғалім өзі жасап, безендірген аспабын оқушыларға көрсету.
Оқушыларға кейбір аспаптарды безендіру тәсілдерін түсіндіру:
Слайд 1. Ұрмалы аспап. Дауылпаз. Дауылпаздың сыртынан әр түрлі түсті қағаздардан жолақтар қиып жапсырып, оюлармен безендіруге болады. Дабыл таяқшаларының орнына қарындаштарды пайдалануға болады.
Слайд 2. Ішекті аспап. Жетіген.
Қораптан жасалған жетіген сыртынан гуашь бояуымен немесе түрлі түсті қағазды пайдалану арқылы безендіруге болады, оюлармен әдемілеуге болады.
Слайд 3. Шулы аспап. Сылдырмақ
Пластикалық құтыдан жасалған шулы аспап, оны да түсті қағаздармен, оюлармен, гуашь бояуымен безендіруге болады.
2 мин
4. Жұмысқа дайындық:
Балалар, қазір қолымыздағы аспаптарымызды безендіру жұмысын бастаймыз.
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесіне назар аударуымыз керек.
Оқушылардан сұрау:
Қандай қауіпсіздік ережелерін білесіңдер?
4. Практикалық жұмыс – қолдағы бар материалдардан музыкалық аспаптарды безендіру.
Дифференциациялау – егер сыныпта практикалық дағдылары төменірек дамыған оқушылар болса, онда оларға қарапайым оңай безендіру жұмыстары тапсырылады. Ал тәжірибелік дағдылары жоғары дамыған оқушыларға күрделілеу оюлармен безендіру жұмыстары тапсырылады.
Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан кейін оларға сұрақтар қойылады.
1. Сенің аспабың қалай аталады?
2. Аспабыңды безендіру үшін қандай материалдарды пайдаландың?
3. Саған музыкалық аспабыңды безендіру қиын болды ма?
8 мин. 4. Өз жұмысын түсіндіру
Оқушылар өздері безендірген аспаптары туралы айтып береді.
3 мин Қорытынды бағалау:
Оқушылардың критерилер бойынша жинаған смайликтерін есептеу. Ең көп смайлик жинаған оқушыға «Сынып жұлдызы» атағын беру.
Сабақтың соңы
2 мин.
Рефлексия
Сабақтың соңында оқушылардан карандаш әдісін қолдану арқылы сабақты қаншалықты меңгергендері тексеріледі.
Жасыл – бәрі түсінікті
Сары – әлі білгім келеді
Қызыл – түсінбедім
Сабақ соңында барлық оқушыларға қызықты да, әдемі музыкалық аспаптары үшін рахмет айту.
Қосымша ақпарат
Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз? Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс қауіпсіздік ережелері
АКТ
Құндылықтар
Дифференциациялау – егер сыныпта практикалық дағдылары төменірек дамыған оқушылар болса, онда оларға тапсырма – оңай жасалатын, ұрмалы немесе шулы аспаптарды жасауды тапсырамын. • Оқушыларды бақылау, тәжірибелік бөлімде орындалған тапсырмалары, критерилер бойынша, смайликтер
Рефлексия
Сабақ мақсаттары / оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным сөз мәнінде жүзеге астыма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1.
2.
Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)
1.
2.
Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?
Аспаптарды безендіреміз
- nurtas.tanatarov.70
- 30 наурыз 2016
- 4777
- 0
- 0
Ілмек сөздер: музыкалық аспапты безендіру, жетіген, сылдырмақ
Ұқсас жаңалықтар:
Сумоншақпен жұмыс. Әшекей бұйымдарды безендіру
Балалар, айналамызда көңіл - күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір - бірімізге жақсы көңіл - күй мен...Қазақтың ұлттық саз аспаптары
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға негізгі мектебі, музыка пәні мұғалімі Толыбаева Лалагул Мақсетбаевна...Кондитерлік кулинарлық өнімдерді безендіру
Атырау облысы, Атырау қаласы Т.Амандосов атындағы орта мектептің технология пән мұғалімі Ауданова Надежда Саматовна...Көркем безендіру
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, №10 орта мектептің бейнелеу өнері және сызу, технология мұғалімі Азамат Капанович Жусупов...Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы Басықара ауылы, № 182 мектептің музыка пәні мұғалімі Ағыбаева Индира Әбдіәлімқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.