Сайтқа кіру Тіркелу

Сәндік қолданбалы өнер

Бейнелеу өнері 5 – сынып.
Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сәндік қолданбалы өнер туындылармен таныстыру. Теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетіп, жұмысты шығармашылықпен жасауға ықпал ету. Жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білу.
Дамытушылық: Оқушылардың кәсіптік бейімділік, шығармашылық шеберлігін, еңбекке іскерлігін икемдей дамыту. ұлттық өнер ерекшеліктерін сезіну қаблеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
Көрнекілік: Сабаққа қажетті схема карталар, тест сұрақтары, сөзжұмбақтар, оқулық, жұмыс дәптері, қолөнер бұйымдарының фотосуреттері, қолөнер бұйымдары.
Сабақ түрі: аралас сабақ, білік, дағды қалыптастыру сабағы. Сабақ әдісі: топпен жұмыс, сұрақ – жауап, түсіндіру, өз бетімен жұмыс.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Кезекші оқушыны анықтап, оқушыларды түгендеу. – Сынып журналына тиісті мәліметтерді толтыру.
2. Жаңа сабақ.
Қазақ қол өнерінің насихаттаушылар негізінен 4 топқа бөлінеді. Ұсталар, зергерлер, ағаш шеберлері, ісмерлер. Соның ішінде зергерлер әзірлеген әшекейлі әсем бұйымдар көздің жауын алады. Қос білезік, бес білезік, жұмыр білезік, жалпақ білезік, сырға, сопақша сырға, қоңырау сырға, салпыншақ сырға, шашпау, қапсырма, сәукелеге тағылатын зергерлік бұйымдар алтын қазынамыздың қорына айналып отыр.
Ортаға қолөнер бұйымдарын қоямын да, оқушылардан сұраймын.
- Бұл нәрселер қалай деп аталады?
- Қос білезік, бес білезік, жұмыр білезік, жалпақ білезік, сырға, сопақша сырға, қоңырау сырға, салпыншақ сырға, шашпау, қапсырма, сәукелеге тағылатын зергерлік
- Бұл нәрселер бейнелеу өнерінің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?
- Сәндік қолданбалы өнер.
Осыдан кейін тақтадағы схема карталармен сәндік қолданбалы өнердің түрлерімен таныстыра бастаймын.
Бейнелеу өнері
Сәндік қолданбалы өнер

4. Сарамандық жұмыс. Жүзік пен білезіктің суретін салу.

Сөзжұмбақ «Сырмақ».
- Төсектің тұсына ұстайтын үй жиһазы.
- Сырмақ жасауға қажетті құралдардың бірі. Сырмақ, тұскиіздің сәні.
- Жүннен талдырып түр салынатын төсеніш.
- Өрмекте тоқылатын бұйым.
- Ісмерлікте пайдалынатын зат.

Өткен тақырыптар бойынша тест сұрақтары.
1. Зәулім ғимараттар мен әсем құрылыстың сәулеттік құрылысы.
А) Сәулет өнері В) Мүсін С) Монумент D) Пирамида
2. Саз балшықтан немесе алуан тастардан сомдау арқылы жасалған нәрсе:
А) Рельефті мүсін В) Мүсін С) Горельефті мүсін D) Кеуде мүсіні
3. Әсемдік бұйымдар мен жиһаздарды безендіруге қолданылатын ұлттық өнер:
А) зергерлік В) Дизайн С) Сәндік қолданбалы өнер D) Тұрмыстық жанр
4. Қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі:
А) Қ. Тельжанов В) Ә. Ысмаилов С) М. Кенбаев D) Ә. Қастеев
5. Әлемнің жеті кереметінің бірі пирамидалар орналасқан ел:
А) Египет В) Франция С) Италия D) Индия
6. Сабақ беркіту.
- Оқушылар бүгінгі сабақта сәндік қолданбалы өнер туралы мәлімет алдыңыздар. Енді оқулықтағы репродукцияларды қарап, олар сәндік қолданбалы өнердің қай түріне жататынын айтып жіберейік.
7. Үйге тапсырма мен оқушыларды бағалау. Оқушылардың алған бағаларын атау, сынып журналына қою.
Үйге тапсырма. Зергерлік бұйымдарының бірінің суретін салу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері

Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері

Сабақ мақсаттары: Бо - Қазақтың ұлттық ою - өрнектері туралы түсіндіре алады. Бб - Қазақтың ұлттық ою - өрнектерін зерттейді (ою - өрнек түрлері,...
Зергерлік және тігін бұйымдары

Зергерлік және тігін бұйымдары

Алқа – омырауға тағатын көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сән, әсемдік, көркемдік бұйымы. Білезік – күмістен, алтыннан соғылатын, білекке салатын...
Сәндік үй бұйымдарын көркем кестелеу

Сәндік үй бұйымдарын көркем кестелеу

Нәтижесі: Өздіктерінен үй бұйымдарын кестелеп, әсемдей алады.. Әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиеленеді. Қажет кезінде айқас тігіс түрін орындай алады....
Қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

Қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Бабатай орта мектебінің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Мамбетқұлова Жанат Талғатқызы...
Қазақ халқының қолданбалы өнері

Қазақ халқының қолданбалы өнері

Қазақтың қолданбалы өнері аяққап, қоржынның жасалу түрлері, зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдарына түсінік беру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×