Сабақтың тақырыбы: Ертегілер мазмұнына иллюстрация
Сабақтың мақсаты:
a) білімділігі: Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалардың бейнелеу қабілетін шыңдау.
ә) дамытушылығы: Ертегілер әлемі туралы танымын кеңейту. іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту.Ертегі мазмұнымен қызықтыру нәтижесінде оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың бойында шығармашылық ізденіс қалыптастыру, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, ойлау кеңістігін дамыту.
б) тәрбиелігі: Ертегілердің негізгі идеясы мен тәрбиелік мәніне арқау болған ұлтымыздың асыл қасиеттерін сіңіру. Оқушылардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін молайту, белсенділіктерін шыңдау.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, ассоциация, ауызша көрнекті және жартылай іздемпаздық
Сабақтың түрі: топпен және жеке сайыс сабақ.
Сабақтың көрнектілігі, техникалық құрал жабдықтары: интерактивті тақта, компьютер, көрнекі бейнелеу құралдары, дыбыстық слайд фильмдер, шырша ойыншықтары, шыршалар, қиылған ертегі кейіпкерлері
Күтілетін нәтиже: Сабақ барысында оқушылар ынталарын мен қызығушылықтырын қалыптастыру, өз бетінше бейнелеу іскерлігін меңгеру, сурет салуына, танымдық-шығармашылық белсенділігіне әсер ету арқылы әр оқушы танып-білуге және шығармашылыққа қажетті затты санасына жеткізу. Өз беттерімен үйлестіруге, еске сақтап сурет салуға, сурет тақырыбына байланысты образдарды тұрғызуға, қимыл қозғалыстарды бейнелеуге, заттардың түр-түсін беруге бейімдеу.
Сабақтың барысы:
Сабақ 4 кезеңнен тұрады:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Ертегілер еліне саяхат
3. Бағалау кезеңі
4. Үйге тапсырма беру
1. Ұйымдастыру кезеңі бойынша оқушылардың сабаққа қатысымен түгелдеу, құрал-жабдықтарын қадағалау, топқа бөлу, сабақ барысымен, бағалау тәсілдерімен таныстыру.
Бірінші топты «Таусоғар», екінші топты «Мерген» деп атаймыз және топтар фамилия реттілігі бойынша бөлінеді.
Оқушылар «шырша безендіру» тәсілімен бағаланады. Слайдқа топтағы бала сандарына сәйкес бұтақтары бар екі топтың шырша суреті ілінеді және әр бұтақтың ұшына фамилия реттілігімен әр оқушының нөмірлері қойылады. Оқушылар сабақтың бүкіл кезеңдері бойынша тапсырмалар орындау арқылы шырша ойыншықтарын жинайды. 5-6 шырша ойыншығын жинақтаған оқушыға «5» деген балаға қойылады, 3-4 ойыншық жинаған оқушыға «4» деген баға қойылады, 1-2 ойыншық жинаған балаға «»3» деген баға қойылады.
Слайдтан «Ертегі әлемінде» әні беріледі:
Ғажайып түс көрдім.
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемінің, қызығында жүрдім.
Нұрына шомылдым бүгін,
Жұлдыз айы көркем,
Әдемі еді неткен, құстар сөйлейді,
Бұлттары билейді...
Мұғалім: Бұл өлеңде ертегі әлеміндегі ғажайып көріністер елес береді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Ертегі әлеміне саяхат» деп аталады.
Демекші бізді әрқашан алыс жолдарға жетелейді. Есімізге түсірейікші ертегі қалай басталады.
Бар екен де, жоқ екен,
Ерте ерте ертеде
Ешкілері бөрте екен,
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрықтары ұзын екен...
Иллюстрация, суреттер көрсету, қандай ертегілер екенін еске түсіру.
«Алтын балық», «Қожанасыр», «Мақта қыз бен мысық» ертегілерінен үзінділер оқу.
Интерактивті тақтаның көмегімен ертегілер иллюстрациясын тамашалау.
2. Ертегілер еліне саяхат
Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқада халық қиялы тудырған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады.
Ертегі үш топқа бөлінеді олар: тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, шыншыл.
Ертегі кейіпкерлеріне арнап сурет салу - ең қызықты тақырып.
Әрбір бала ертегіні қызықтап оқиды, әңгімелеп береді және сол туралы сурет салуға құштар. Сурет салу кезінде ертегі баланың дүниетанымын, ақыл-ойын, шығармашылығын арттырады.
Оқушыларға Қаңбақ шал, Таусоғар, Алтын сақа, Алдар көсе, Алтын балық ертегілерінен үзінділер айтылады.
Қазақ ертегілері сан алуан оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Ертегілердің ішінде балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақтың болашағын елестетіп келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер – қиял–ғажайып ертегілері. Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып іс–әрекеттері баяндалады. Мысалы: Ертөстік, Қобыланды. Күлдіргі ертегілер негізінен Алдар көсе мен Жиренше шешенің, Қожанасырдың есімдерімен байланысты.
Ертегілер – қиял ғажайып, оқиғалар жайындағы қызық әңгімелер, оларды көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады.
Саяхат жолнұсқасы:
1- аялдама «шебер суретшілер» елі.
Бұл аялдамада үйге берілген тапсырма бағаланады. Ертегілер мазмұны бойынша иллюстрация жасап келу тапсырылған болатын. Жұмыстың мазмұнына, бой нақышына мән берілуі тиіс. Өте жақсы салынған шығармаға 2 ойыншықтан, жақсы салынған суретке 1 ойыншықтан беріледі.
2- аялдама «тапқырлар» елі.
Слайдта тестік жүйеде берілген ертегілер тақырыбын табады. Сурет астына қызыл және көк дөңгелекпен екі жауап беріледі. Слайдтағы сурет астындағы екі дөңгелекшенің қайсысы дұрыс жауап екендігін табу, дұрыс дөңгелекшенің түсін дәптерге бояу арқылы дөңгелектеп түсіру. Мұғалімнің өзіне таныс орналастыру заңдылықтарын ескере отырып, оқушы жұмыстарын бағалап шығады, ең көп және дұрыс тапқан оқушыларға екі ойыншықтан, аз тапқан оқушыларға бір ойыншықтан үлестіреді.
3- аялдама «Шебер құрастырушылар» елі.
Сурет дәптермен жұмыс. (Сармандық жұмыс)
Слайдта берілген жыл мезгілдерінің суреттерін бірнеше минут тамашалаймыз, алған әсерлері бойынша сурет дәптерлеріне қиылған ертегі кейіпкерлерін перспективалық заңдылықпен орналастыру және өздеріне ұнаған фонмен толықтыру. Яғни салынған фон мен суреттің байланысын көрсету. Өте жақсы орындалған жұмысқа екі ойыншықтан, орташа орындалған жұмысқа бір ойыншықтан беріледі.
4- аялдама «Шебер құрастырушылар» елі.
Жазба дәптермен жұмыс. (Теориялық жұмыс)
Оқушылар слайдта берілген ертегі кейіпкерлері арқылы өздері білетін әр түрлі жанрдағы ертегілер тақырыбын жазуы керек. Ең көп тақырып жазған оқушыларға екі, орташа деңгейде жазған оқушыларға бір ойыншықтан беріледі.
Сабақты қорытындылау.
Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? Сабақ несімен ұнады?
Ертегі дегеніміз не? Олардың жазылу мақсаттары? Қандай түрлері бар?
3) Бағалау кезеңі:
Сарамандық жұмыстың қорытындысында көрме ұйымдастырылады. Әр жұмысқа баға беріледі
а)Жеке оқушыны бағалау. Слайдта берілген шырша бұтақтарын оқушы жинаған ойыншықтарды ілу арқылы безендіру, оқушының өз білімнің нақтылығына көз жеткізуіне, өзін басқа оқушылармен салыстыруына мүмкіндік туғызу.
б) Топтық бағалау. Екі шыршадағы ойыншық санына сәйкес жеңімпаз топты анықтау және слайдпен музыкалық марапаттау беру.
«Таусоғар» тобы
«Мерген» тобы
4) Үйге тапсырма беру. «Шебер құрастырушылар» еліндегі тапсырманы бояу арқылы аяқтап келу.
Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау
- Ансаган
- 17 қазан 2012
- 20111
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ертегі, иллюстрация, ертегі мазмұнына иллюстрация жасау, сурет
Ұқсас жаңалықтар:
Ертегілер еліндегі шалқан
Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сұрақтар арқылы бекіту. Кейіпкерлерді мәнерлеп салуға үйрету. Ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту,...Ертегілер және оның түрлері
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп – лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тілеулесова Мөлдір...Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: - ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту; - ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;...Мақта қыз бен мысық
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка ауылы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы...Ертегілер 6 сынып
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка ауылы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.