Жер асты сулары. Минералды сулары тақырыбына қатысты
Дүниетану 4 - сынып оқулығына талдаулар жасадық,
Жер бетіндегі сулардың көпшілігі ішуге жарамайды. Өйткені мұхит және теңіз сулары өте тұзды, дәмі ащы. Оларды пайдалану үшін арнайы тазартудан өткізеді.
Ішетін суды тазарту үшін көп мөлшерде қаражат жұмсалады. Ақтау қаласында Каспий теңізінің суын атом қуаты арқылы тазартып ішеді.
Қазақстанның көптеген қала мен ауыл тұрғындары жер астының тұщы суын пайдаланады. Ол үшін түрлі тереңдіктегі құдықтар қазылады. Құдық суы таза, мөлдір, салқын болады. Маңында өзен, көлі жоқ елді мекендер құдық суын мал суару үшін де пайдаланады. Маңғыстауда құдықтың түрлері өте көп. Мен сабақта осыларды пайдаландым. Мәстек деп аталатын жерде шамамен 100 құдық бар. Олардың барлығы кезінде шаруашылыққа жарамды болған. Ал қазір тозу үстінде. Құдықтарға көмек керек. Елді асыраған есіл сулар қазір көмек дәметуде. Солардың мен сіздерге бір нешеуін суреттерін салып отырмын. Құдықтар - қазақ халқының ұлттық құндылықтары, оны сақтауымыз керек.
Жер асты сулары. Минералды сулары тақырыбына қатысты
- ramuk_b
- 13 ақпан 2024
- 421
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жер асты сулары, минералды сулар
Ұқсас жаңалықтар:
Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау
Су қоймалары және құрлық сулары олардың маңызы орналасу жағдайлары жайлы толық мәлімет беру және оларды қорғау жолдарын түсіндіру...Өзен және көл. Суды қорғау
1. Су туралы алған ұғымдарын нақтылау, тереңдету. 2. Судың қасиетін, маңызын меңгерту. 3. Судың табиғаттағы тіршілік көзі екендігін түсіндіру....Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар
Сабақтың тақырыбы: Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған іс - шаралар. Сабақтың мақсаты: Тақырыптың мазмұнын меңгерту, алған...Су. Жер асты сулары
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Су, жер асты сулары туралы еске тусіру. Картадан су түрлерінің белгілерін анықтау (өзен, көл, теңіз, мұхит). Өзен мен...Жер асты сулары
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы география пәні мұғалімі Байбатырова Мира...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.