Сайтқа кіру Тіркелу

Ақ дегелек

Ақ дегелек
Ақ дегелек - дегелектер тұқымдасына жататын ірі, ақ құс. Ол Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында ғана кездеседі. Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 15 – 30 жұптай ғана ақ дегелек бар. Кейбір Еуропа елдерінің зоологиялық бақтарында өсіріледі. Ақ дегелектің жалпы сипаттамасы: Тұмсығы түзу, ұшына қарай үшкірлеу келеді. Қанатының ұзындығы 58 – 61 см, салмағы 3,5 – 4 кг. Қанаты қара, тұмсығы мен сирағы қызыл, мекиенінің дене тұрқы қоразынан гөрі кішілеу әрі тұмсығы жіңішкелеу болып келеді. Ақ дегелек тұмсықтарын бір-біріне тиістіріп қана дыбыс шығарады. Ұшқан кезде мойынын алға қарай созып ұшады. Ақ дегелек – жұбын жазбай, бір орынға бірнеше жыл қатарынан келіп, елді мекендерге жақын су айдындарының маңындағы шалғынды, батпақты жазық аңғарларға ұя салады. Жыныстық жағынан 2 – 3 жылда жетіледі. Жылына 1 рет 2 – 5 жұмыртқа салып, оны 32 – 34 күндей мекиені мен қоразы кезектесіп басады. Балапандарын ұядан 70 – 72 күнде ұшырады. Ақ дегелек ұсақ жәндіктермен, сондай-ақ жыланмен, көлбақамен, құрбақамен және кемірушілермен қоректенеді. Ақ дегелек – жыл құсы. Тамыз – қыркүйекте жылы жаққа қоныс аударады.
Ақ дегелек туралы Қашаған ақынның жазған мына өлең шумақтарынан көп нәрсені білуге болады.
“Отман таудың басында,
Дегелек деген бір құс бар.
Аспанда жүріп ысқырса,
Мың орда жылан басылған.”

Және де “Ақ дегелек” деген Алтынбек Қоразбаевтің әні де бар. Аңыздарға сенсек Ақ дегелек киелі құс. Ол баласы жоқ отбасыларға бала сыйлап, оларды бақытты қылады. Сондықтан да халық Ақ дегелекті құрметтейді.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×