Сайтқа кіру Тіркелу

Әлменұлы Бөлтірік

Әлменұлы Бөлтірік (1771 – 1854) – қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры болған зор тұлға. Туып өскен жері Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Шоқпар ауылы. Топырақ бұйырған жері Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Жәдік ауылы, Жәдік көлінің жағасы.
Бөлтіріктің шыққан тегі Ұлы жүз – Ысты. Шежіре дерегі бойынша Ыстыдан өрбіген бір ата Ойықтан Қызылқұрт, Зорбай Ауызсүзген), Орбай (Көкшекөз), Сәтек туған. Осы төрт бұтақтың Зорбайыннан Бәйгелді, одан Қосай, одан Малай, одан Сүйіндік, одан Өтеген, одан Әлмен, одан Бөлтірік туады. Бөлтіріктің нағашысы – әйгілі Қарменде би.
Ақындық, шешендік өнері ерте танылып, төңірегін әділдік - тапқырлығымен, өз ортасының кісілікті, жарастықты болуына айрықша ықпал еткен. Оның абырой беделі айыл арасымен шектелмей, ел қамы мен халық тағдырына қатысты істерде де еленіп - ескеріліп отырған. Ол Кенесары бастаған ұлт - азаттық қозғалысына қатысып, сөзімен де, ісімен де танылған. Сондай - ақ Бөлтірік өз тұсындағы Балпық би, андас Құтым би, мырза Жинақ би, сары үйсін Сары би, ботпай Сыпатай би, Байсерке би, албан Малай би, Ноғайбай би, тобықты Құнанбай мырза, сондай - ақ, Сұраншы батыр, Сыпатай батыр, Тезек төре сияқты игі жақсылармен тізе түйістіріп, бастас болып, ел ісіне бел шеше араласқан.
Айтқан сөзі жерге түспеген аса сұлтан Тезек төре айтыпты дейді: «Мен екі ақын, бір шешен көрдім: бірі – жалайыр Бақтыбай, біреуі – қызыл керей Сүйінбай, үшіншісі Бөлтірік шешен. Атам – Абылай, әкем – Әділ, өзім Тезек едім. Он сегіз мың ғаламды жарылқап, қорғауға күшім жетуші еді, осы үшеуінен біржола сағым сынды.»
Сондай - ақ, «Ақын деп Шөжені айт, шешен деп Бөлтірікті айт, батыр деп Сыпатайды айт», – деген сөзді әйгілі Ноғайбай би айтыпты дейді.
Бөлтірік шешеннің айтқыштық тапқырлығы жөнінде ел ішінде аңыз әңгіме мейлінше мол. Соның бірі былай айтылады: Ежелден қазақ пен өзбектің арасы әзіл - қалжыңсыз болмағаны мәлім. Бірде кіре тартушы өзбек бақырауық атанмен келе жатса, Бөлтірік шешен қарсы кездесіпті. Өзбек кіреккеш Бөлтірікті, танып, бір жағы әзілмен, бір жағы сынамақ болып: «У, Бөлтеке, мына түйе німә деп бақырады?» депті.
Сонда Бөлтірік іркілместен: «Е, түйе былай деп бақырады» – деп мынаны айтқан екен:
«Үстіме жеті батпан азық арттың,
Сабалап бас көзімді зар жылаттың.
Қазақ болса жайымды білер еді,
Дәл енесін ұрайын сендей сарттың!»
Бөлтірік шешен өз заманының сөзі өткір, ықпалды сөзден қайтпайтын асыл тұлға болғанын білеміз. Тек қана шешендік өнері емес, сонымен қатар батырлығы да болған.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ хандығы тұсындағы би-шешендер (1465-1847)

Қазақ хандығы тұсындағы би-шешендер (1465-1847)

Олар қазақ жерінде әділдіктің салтанат құруы үшін һәм қиянат - зұлымдықтың арам шөптей қаптап кетуіне қарсы ұшан - теңіз қажыр - қайрат жұмсаған....
Өтеген батыр

Өтеген батыр

Өтеген батыр – XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің Дулат тайпасынан Жаныс руынан шыққан....
Жасыбай батыр

Жасыбай батыр

Жасыбай батыр – 18 - ғасырда өмір сүрген батыр. Орта жүз құрамындағы Арғын тайпасынан шыққан, Бәсентиін руынан. Олжабай батырдың жиені. Қазақ...
Байзақ Мәмбетұлы, Байзақ датқа

Байзақ Мәмбетұлы, Байзақ датқа

Байзақ Мәмбетұлы, Байзақ датқа (1789 — 1864) — Қазақстанның оңтүстік өңірінде Қоқан хандығына және Ресей империясына қарсы ұлт - азаттық күресті...
Махамбет Өтемісұлына арнау

Махамбет Өтемісұлына арнау

Сарсеков Жандос Бауыржанұлы Ақтөбе олыстық мамандандырылған физика - математикалық мектеп - интернатының 11 - класс оқушысы Махамбет Өтемісұлына...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×